Білім

"Болашақ" стипендиясына құжат қабылдау басталды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. "Болашақ" бағдарламасы аясында құжаттарды қабылдаудың төртінші легі басталды. Науқан 2023 жылғы 15 қыркүйекке дейін жалғасады, деп хабарлайды ғылым және жоғары білім министрлігі.
Конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдер мемлекеттік қызметтер порталы eGov арқылы онлайн түрде қабылданады.
Жалпы алғанда, 2023 жылы магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінген.
"Биыл "Болашақ" стипендиясы аясында үміткерлерді іріктеу қағидалары жетілдірілді. Енді конкурсқа шетелдік жоғары оқу орны немесе ұйымнан академиялық оқуға гранты бар үміткерлер де қатыса алады. Бұл ретте "Болашақ" бағдарламасы тұру, тамақтану, медициналық сақтандыру, ұшу, визалық алымдар, оқу материалдарын сатып алу шығындарын өтейді. Сондай-ақ, еңбекпен өтеу мерзімі бір жылға қысқарады, - деп атап өтті "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов.
Министрлік биыл "Болашақ" стипендиясы үміткерлеріне қойылатын талаптар күшейтілгенін мәлімдеді. Енді үміткерлер шет тілін меңгергенін растауға тиіс. Ағылшын тілінде оқуға түсушілер IELTS, TOEFL сертификатын ұсынуы керек.
Еске салсақ, президенттің "Болашақ" бағдарламасын қайта бағдарлау жөніндегі тапсырмасымен инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға басымдық беріледі. Үміткерлерді қолдау үшін "Инженерлік-техникалық қызметкерлер" жаңа жеңілдік санаты енгізілді. Сонымен қатар Халықаралық бағдарламалар орталығының бастамасымен медициналық қызметкерлерді іріктеу қағидалары жетілдірілді.
Аталған өзгерістердің арқасында қазақстандық дәрігерлер мен техникалық қызметкерлер мерзімі 12 айға дейінгі тегін тілдік дайындықтан өте алады.
БОЛАШАК, центр международных программ - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2023
"Болашақ" бағдарламасы бойынша әлемнің 25 оқу орнында білім алуға болады
Жаңалықтар
0