Атырау облысында 5 полицейге күдіктіні азаптады деген айып тағылды

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуИллюстративті фото
Иллюстративті фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 17 шілде – Sputnik. Атырау облысында 5 полицей тән және психикалық зардап келтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
21 маусымда Атырау облыстық прокуратурасы адамды азаптады деген күдікпен Атырау қалалық полиция басқармасының 5 жедел уәкіліне қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады.
"Олар биыл ақпанда алдын ала сөз байласып, азамат Р-ға қылмысты мойындату мақсатында анықтаудың рұқсат етілмеген әдістерін қолданып, тән және психикалық зардап келтірді деген күдікке ілінді", - деп мәлімдеді ведомство.
Полицияның 5 уәкіліне ҚР Қылмыстық колдексінің 146-бабы, 2-бөлігі "Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, азаптаулар" бойынша тергеу жүргізілді. Бұл бапта алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2022
Оралда тергеу изоляторының қызметкерлері қамаудағыларды азаптады деген күдікке ілінді
Жаңалықтар
0