Түркістандағы 5 жасар қыздың өлімі: күдікті мас күйінде бүлдіршінді үйіне алдап кіргізген

© Sputnik / Табылды КадырбековМужчина держит девочку за плечо, архивное фото
Мужчина держит девочку за плечо, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Түркістан қаласының мамандандырылған тергеу соты 5 жасар қызды айуандықпен өлтіргені үшін ұсталған күдіктіні екі айға қамауға алуға шешім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
Түркістан облыстық полиция департаменті ұсталған күдіктіні сот шешімі шыққанша қамауға алуды ұсынды. Себебі оған тағылған айыптар аса ауыр қылмыстар санатына жатады. Бұған дейін аса ауыр және ауыр санаттағы қылмыстарды жасаған, ал бостандықта жүрсе, жәбірленуші мен куәларға қысым көрсетуі мүмкін. Тергеу соты күдіктіні екі ай мерзімге қамауға алуға шешім шығарды.
Сотта сол күні жасалған қылмыстың мән-жайы да жарияланды. 13 шілде күні сағат 13:30 шамасында күдікті мас күйінде келе жатып, үйінің алдында ойнап жүрген 2018 жылғы жас қызды көрген.
"Жыныстық нәпсі құмарлығын қанағаттандыру мақсатында жас балаға жақсы ән қойып беремін деп, оны үйінің ауласына алдап кіргізіп алған. Одан кейін күш қолдану арқылы жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық зомбылық әрекеттерін жасаған. Одан әрі ол өзінің қасақана жасаған аса ауыр қылмысын жасыру мақсатында жәбірленуші баланы асхана пышағымен көкірек торы мен ішінен бірнеше рет шаншылап-кескілеп қасақана өлтірген", - делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.
Айта кетері, осы Сарыағаш ауданында болған оқиғадан кейін президент бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне болған қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды. Тоқаев биыл шығарылған сот үкімінің заңдылығын қарастыру және адамға қатысты аса қауіпті қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту маңызды деп санайды. https://sputnik.kz/20230714/saryagashta-5-zhasar-qyzdy-oltirip-ketti-toqaev-tapsyrma-berdi-36790433.html
Бейіт, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2023
Түркістан облысында азғынның қолынан қаза тапқан қыз жер қойнына тапсырылды
Жаңалықтар
0