Тобыл қаласында арнайы операция өтті - 100 млн теңгенің есірткісі тәркіленді

© РИА Новости / Медиабанкке өтуИзъятие марихуаны в наркопритоне
Изъятие марихуаны в наркопритоне - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Қостанай облысында есірткі сатушысы ұсталды. Одан 100 млн теңгенің "синтетикасы" тәркіленді, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.
Тобыл қаласында ұсталған ер адамды тінту кезінде 3 келіден астам синтетикалық есірткі шықты. Одан кейін тағы 2 мыңнан астам орама табылды. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткінің бәрі - "мефедрон" синтетикалық препараты. 31 жастағы қала тұрғыны қамауға алынды. Есірткінің жалпы сомасы 100 миллион теңгеден асып кетті.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 297-бабы, 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу, аса ірі мөлшерде) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Осы қылмыс үшін он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Оған қоса, кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.
Айта кетері, Қостанай облысында "Қарасора - 2023" жедел алдын-алу шарасы басталғалы бері 10 келіден астам түрлі есірткі құралдары тәркіленді.
Қарағандыда синтетикалық есірткі дайындайтын зертхана анықталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2023
Қарағандыда есірткі дайындайтын зертхана анықталды
Жаңалықтар
0