Студент мүгедек балалар мен хоспис науқастарын қорлаған – тергеу аяқталды

© Fotolia / Peter AtkinsМүгедектер арбасы
Мүгедектер арбасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева студенттің хоспис пациенттері мен мүгедек балаларды қорлауына қатысты істі тергеу аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Сонымен қатар күдіктінің адвокаты материалдармен бір ай бойы танысып жатыр", - деп жазды Зәкиева желідегі парақшасында.
Тергеу нәтижесі бойынша қорытынды процессуалдық шешім қабылданады.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Бас прокуратурамен байланыс орнатып, істі бақылауына алғанын атап өтті.
"Меніңше, мұндай әрекеттерді барынша қатаң заң аясында қарастыру керек", - деп түйіндеді ол.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2021
Оқиға
"Әйеліммен шатастырып алдым": Оралда ер адам туған қызын бірнеше жыл зорлап келген
Жаңалықтар
0