Роман Скляр Астананың алдағы жылыту маусымына дайындығын тексерді

© Photo : Пресс-служба акима АстаныПремьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Астананың алдағы жылыту маусымына дайындығын тексерді
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Астананың алдағы жылыту маусымына дайындығын тексерді - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Астананың алдағы жылыту маусымына дайындығын тексерді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Астанада тіршілікті қамтамасыз етужүйелері бойыншабірқатар объектісалынып жатыр, оның ішіндегаз жылустанциялары, сорғы-сүзгі сустанциясы (ССС-3-тің 2-кезеңі), ЖЭО-3 жәнет.б. бар.
2023-2024 жылдары күзгі-қысқыкезеңге дайындықаясында ЖЭО-1 және ЖЭО-2-де бірқатарқазандық пентурбиналарды жөндеужұмысы жоспарланған. Жұмыстың бір бөлігі орындалды. Сондай-ақ ЖЭО-1 және ЖЭО-2 аумағында газбен жабдықтаудың сыртқы желілері салынды, ЖЭО-1-дегі барлық 10 қазандық агрегаты мен ЖЭО-2-дегі су жылыту қазандықтары қайта жаңартылды.
Қазандықтарды қайта құрудың басты бөлігі – табиғи газды немесе көмірді/мазутты жағуға арналған жанғыш құрылғыларды ауыстыру.
Сондай-ақ "Астана-Энергия" АҚ нысандарын аралау барысында премьер-министрдің бірінші орынбасары мен Астана әкімі жабдықтардың тозуын азайту, елорданы сенімді энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ қоршаған ортаға кері әсерді барынша азайтуға бағытталған жаңа технологияларды енгізу үшін іске асыру жоспарланып отырған перспективалы жобалармен танысты.
"Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек қаланы қосымша жылумен қамтамасыз ету үшін "Тұран" және "Оңтүстік-Шығыс" екі газ жылу станциясының құрылысы жүргізіліп жатқанын атап өтті. Олардың қуаты құрылысы ұзаққа созылған ЖЭО-3 қуатынан асып түседі. Осы газ жылу станцияларын алдағы жылыту маусымында кезең-кезеңімен іске қосу жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.
Нысандарды аралау барысында премьер-министрдің бірінші орынбасары мен Астана әкімі жаңа сорғы-сүзгі станциясының (ССС-3) жұмысымен танысты. Маусым айында ССС-3 жұмысының бірінші кезеңі іске қосылды, сондай-ақ Астана су қоймасынан су тартқыштың жаңа тармағының құрылысы аяқталды. Бұл қаладағы сумен жабдықтау мәселелерін шешуге мүмкіндік берді. ССС-3 екінші кезеңін осы жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланып отыр. Бұдан басқа, Нұра жерасты су кен орнынан су құбырын жобалау және Телман елді мекенінде ССС қуатын кеңейту бойынша жобалау аяқталып қалды. Бұл жобалар қаланы одан әрі де ауыз сумен қамтамасыз ету үшін қосымша мүмкіндік береді.

Аралау барысында мердігерлердің алдына белгіленген мерзімде газ жылу станцияларының, ЖЭО-3, ССС-3 (2-кезең) құрылысын аяқтау міндеті қойылды.
Жаңалықтар
0