Павлодар облысындағы өртті сөндіруге бес тікұшақ тартылды

© Photo : Пресс-служба ДЧС Павлодарской областиПожар в Павлодарской области
Пожар в Павлодарской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. "Ертіс орманы" резерватындағы өртті сөндіруге көрші облыстардың құтқарушылары да келді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Қазіргі кезде өрттің ауданы 850 гектардан асты. Астана қаласынан, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарынан қосымша 150-ге жуық адам және 30-дан астам техника құрамында жіберілді. Осылайша, 100-ден астам бірлік техника мен 300-ден астам адам өртті сөндіріп жатыр. 5 тікұшақ та бар.
Олар бір тәулік ішінде 22 рет жалпы көлемі 66 текше метр су төкті.
"Қатты желдің салдарынан өрт тез таралып кетті. Өртті сөндіруге де қиындық тудырып отыр. Қазір 98 орамдағы өрт ерекше бақылауда, онда өрт белсенді түрде жанып жатыр", - дейді құтқарушылар.
Айта кетері, 15 шілде күні Шарбақты ауданының Степное және Бауыртал орманшылықтарында өрт шықты.
Шарбақты ауданындағы орман шаруашылығының ақпараты бойынша "Ертіс орманы" аумағындағы өрт бүгін сағат 14.14-те оқшауланған.
Пожар в Павлодарской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2023
Өңірлер
Павлодар облысындағы өртті сөндіруге қорғаныс министрлігінің тікұшақтары жұмылдырылды
Жаңалықтар
0