https://sputnik.kz/20230716/mayitti-daretkhana-shunqyryna-tastagan-19-zhyl-buryngy-qylmysqa-qatysty-sot-bastaldy-36816864.html
Мәйітті дәретхана шұңқырына тастаған: 19 жыл бұрынғы қылмысқа қатысты сот басталды
Мәйітті дәретхана шұңқырына тастаған: 19 жыл бұрынғы қылмысқа қатысты сот басталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Шымкент қаласында 19 жыл бұрын жасалған қылмыс бойынша сот отырысы басталды. Күдіктілердің бірі биыл наурыз айында ұсталды, деп... 16.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-16T08:00+0500
2023-07-16T08:00+0500
2023-07-16T08:00+0500
мылтық
қылмыс
https://sputnik.kz/img/old/1166/35/11663584_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_1ae490d7e6114494f2edf33418db54d5.jpg
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Шымкент қаласында 19 жыл бұрын жасалған қылмыс бойынша сот отырысы басталды. Күдіктілердің бірі биыл наурыз айында ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.Сот материалына сәйкес, 2004 жылы Ринат Ғазизов досы Юраға көмектесуге келіскен. Юра оған жездесі әпкесін ұрып-соғатынын, онымен қоймай өзінің қызына тиіскенін айтқан.Ринат мылтық тауып береді. Ал Юра ішімдік ішіп алып, отырыс ұйымдастырған. Жездесін де шақырады. Сол кезде Ринат оған екі рет оқ атқан. Жәбірленуші сол жерде қайтыс болды. Екі дос барлық айғақты өртеп, мәйітті даладағы дәретхана шұңқырына тастаған. Үстіне құрылыс қоқыстарын үйіп қойған. Сосын көрші елге қашып кетеді. Ол кезде Ринат 22 жаста, ал Юра 16 жаста болды.Сот отырысы кезінде Ринат Ғазизов өз кінәсін мойындаған жоқ. Мылтықты қаңырап тұрған үйдің ішінен таптым деді. Ал Юра оқ атқан.Сотталушы 2018 жылы Шымкент қаласына қайтып келген. Оны биыл наурыз айында ұстап, тергеу изоляторына қамап тастады. Ал досы Юра азаматтығын ауыстырып, Башқұрстанда бой тасалап жүр.Прокурор Ринат Ғазизовты 17 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр. Алдағы дүйсенбі күні сот өз үкімін шығарады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1166/35/11663584_2:0:1442:1080_1920x0_80_0_0_cbf11b9980bfac444a8d3b166e391bb7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мылтық, қылмыс
Мәйітті дәретхана шұңқырына тастаған: 19 жыл бұрынғы қылмысқа қатысты сот басталды
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Шымкент қаласында 19 жыл бұрын жасалған қылмыс бойынша сот отырысы басталды. Күдіктілердің бірі биыл наурыз айында ұсталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Otyrar.kz порталына
сілтеме жасап.
Сот материалына сәйкес, 2004 жылы Ринат Ғазизов досы Юраға көмектесуге келіскен. Юра оған жездесі әпкесін ұрып-соғатынын, онымен қоймай өзінің қызына тиіскенін айтқан.
Ринат мылтық тауып береді. Ал Юра ішімдік ішіп алып, отырыс ұйымдастырған. Жездесін де шақырады. Сол кезде Ринат оған екі рет оқ атқан. Жәбірленуші сол жерде қайтыс болды. Екі дос барлық айғақты өртеп, мәйітті даладағы дәретхана шұңқырына тастаған. Үстіне құрылыс қоқыстарын үйіп қойған. Сосын көрші елге қашып кетеді. Ол кезде Ринат 22 жаста, ал Юра 16 жаста болды.
Сот отырысы кезінде Ринат Ғазизов өз кінәсін мойындаған жоқ. Мылтықты қаңырап тұрған үйдің ішінен таптым деді. Ал Юра оқ атқан.
"Мен кінәлі емеспін. Қылмыс жасауға көмектескен де жоқпын. Иә, мылтық әкелгенімді мойындаймын. Бірақ Юра Хоритонов болған жерден кетіп қалдым. Қазақстан аумағынан қашып кеттім. Өйткені менің мылтығыммен адам өлтірді, сол үшін мені соттайды деп қорықтым", - дейді Ғазизов.
Сотталушы 2018 жылы Шымкент қаласына қайтып келген. Оны биыл наурыз айында ұстап, тергеу изоляторына қамап тастады. Ал досы Юра азаматтығын ауыстырып, Башқұрстанда бой тасалап жүр.
Прокурор Ринат Ғазизовты 17 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр. Алдағы дүйсенбі күні сот өз үкімін шығарады.