Тоқаевтың тапсырмасы: Астана су қоймасын тазарту жұмыстары басталды

© Photo : Министерство экологии РКАстана су қоймасын тазарту жұмыстары басталды
Астана су қоймасын тазарту жұмыстары басталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Экология және табиғи ресурстар министрлігі Астана су қоймасын тазарту жұмыстарына кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Астана су қоймасы 1970 жылы салынған. Содан бері тазарту жұмыстары жасалмады. Ал қала халқы үшін бұл ауыз сумен қатамасыз ететін жалғыз су қоймасы.
Қойманың жалпы көлемі – 410,9 млн текше метр. Қазіргі мөлшері 312,36 млн текше метрді құрайды. Осыдан екі жыл бұрын Қазгидромет батиметрикалық түсірілім жасап, қойманың 46,7 млн текше метрі тұнба екенін анықтады. Бұл – су қоймасының 30 проценті.
2023 жылы суға деген сұраныс 97 млн текше метр құрады. Оның 46 млн текше метрі қолданылды, жылдың соңына дейін қосымша 51 млн текше метрге сұраныс бар.
"Астана халқының саны жылдан-жылға өсіп, тұтыну көрсеткіші ұлғайғанын ескере отырып, қойманы тереңдету, тазалау бойынша қос жобаны қолға алмақ. Себебі 2030 жылы Астана халқы 2 млн-ға жеткен жағдайда, 150 млн текше метр су қажет болады", - дейді министрлік мамандары.
Қойманың тазалау жұмыстарын бастамас бұрын сүңгуірлер су түбінде нақты не жиналғанын анықтауға тиіс. Бұдан бөлек, балықтың уылдырық шашу кезеңін ескеру керек. Сондықтан тазарту шаралары кемінде 10 жылға созылуы мүмкін. Себебі бір жылда 5 айдай ғана жұмыс істеуге мүмкіндік болады.
Айта кетері, осы аптада мемлекет басшысының қатысуымен өткен Астана қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев су мәселесіне баса назар аударды. Астана су қоймасын тазарту қажеттігін де айтты.
Жаңалықтар
0