https://sputnik.kz/20230715/akimdik-qyzmetkeri-akimnin-elektrondy-tsifrlyq-qoltanbasy-arqyly-byudzhet-qarzhysyn-urlagan-36810122.html
Әкімдік қызметкері әкімнің электронды цифрлық қолтаңбасы арқылы бюджет қаржысын ұрлаған
Әкімдік қызметкері әкімнің электронды цифрлық қолтаңбасы арқылы бюджет қаржысын ұрлаған
Sputnik Қазақстан
Сот оны түрмеге қамап, 14 миллион теңгені қайтаруға міндеттеді 15.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-15T10:24+0500
2023-07-15T10:24+0500
2023-07-15T10:24+0500
әкімдік
https://sputnik.kz/img/22/72/227292_0:240:4608:2832_1920x0_80_0_0_05c68e001cdfb47cdbc73e648789258b.jpg
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Ақтөбе облысының Темір ауданында Ақсай ауылдық округі әкімдігінің бас маманы алаяқтық жасағаны үшін сотталды, деп хабарлады "Диапазон".Сотталушы атқаратын қызметі бойынша екінші қол қою құқығына ие болған, сонымен қатар ауылдық округ әкімінің электронды цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) өзімен бірге алып жүрген.Оның 3 миллионы ауыл әкімдігі қызметкерлерінің іссапар шығыны мен жалақысын төлеуге арналған. Ол серіктестіктермен және жеке кәсіпкерлермен заңсыз келісімшарт жасасып, бюджеттің тағы бір бөлігін жымқырған.Темір аудандық соты оны 4 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарып, ұрланған миллиондарды мемлекетке қайтаруға міндеттеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/22/72/227292_256:0:4352:3072_1920x0_80_0_0_a18c5427aad3f3c1a2ebfb8f168eeaf9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әкімдік
Әкімдік қызметкері әкімнің электронды цифрлық қолтаңбасы арқылы бюджет қаржысын ұрлаған
Сот оны түрмеге қамап, 14 миллион теңгені қайтаруға міндеттеді
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Ақтөбе облысының Темір ауданында Ақсай ауылдық округі әкімдігінің бас маманы алаяқтық жасағаны үшін сотталды, деп хабарлады "
Диапазон".
Сотталушы атқаратын қызметі бойынша екінші қол қою құқығына ие болған, сонымен қатар ауылдық округ әкімінің электронды цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) өзімен бірге алып жүрген.
"Ол 2020 жылдың сәуірінен 2022 жылдың желтоқсанына дейін әкімнің ЭЦҚ-сы арқылы бюджет ақшасын ұрлап, мемлекетке 14 миллион теңгеден астам шығын келтірген", - делінген айыптау актісінде.
Оның 3 миллионы ауыл әкімдігі қызметкерлерінің іссапар шығыны мен жалақысын төлеуге арналған. Ол серіктестіктермен және жеке кәсіпкерлермен заңсыз келісімшарт жасасып, бюджеттің тағы бір бөлігін жымқырған.
Темір аудандық соты оны 4 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарып, ұрланған миллиондарды мемлекетке қайтаруға міндеттеді.