https://sputnik.kz/20230714/zhasospirimder-poyyz-quzhat-36793948.html
Енді 15 жастағы жасөспірімдерге пойызбен өз бетінше жүру үшін бір ғана құжат қажет
Енді 15 жастағы жасөспірімдерге пойызбен өз бетінше жүру үшін бір ғана құжат қажет
Sputnik Қазақстан
Бұрын ата-анасының нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі мен сенімхаты қажет болатын 14.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-14T12:54+0500
2023-07-14T12:54+0500
2023-07-14T12:54+0500
қоғам
жасөспірім
құжат
https://sputnik.kz/img/07e7/05/04/34570831_0:0:900:506_1920x0_80_0_0_4863fb4a8146dda5dea8214ff7a647b4.jpg
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Енді 15 жасқа толған және одан асқан балалардан пойызбен өз бетінше жүру үшін тек бір ғана нотариалды куәландырылған құжат талап етіледі. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы хабарлады.Бұрын екі құжат – баланың заңды өкілінің нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі мен сенімхаты талап етілетін. Мұндай талап инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы сәуірдегі бұйрығында бекітілген. Алайда көлік прокуратурасы қарама-қайшылықты байқап, осы бұйрыққа наразылық білдірді.Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі прокуратураның наразылығын толық көлемде қанағаттандырды және "Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясына бір ғана құжаттың болуы бойынша осындай қызметтер көрсету туралы нұсқау берді.Яғни 15 жастан асқан жасөспірімдер өзімен бірге ата-анасының нотариалды куәландырылған келісімін ғана алып жүре алады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/04/34570831_97:0:900:602_1920x0_80_0_0_6837e111af3a48d103d4b14bc3ab418f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жасөспірім, құжат
Енді 15 жастағы жасөспірімдерге пойызбен өз бетінше жүру үшін бір ғана құжат қажет
Бұрын ата-анасының нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі мен сенімхаты қажет болатын
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Енді 15 жасқа толған және одан асқан балалардан пойызбен өз бетінше жүру үшін тек бір ғана нотариалды куәландырылған құжат талап етіледі. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы хабарлады.
Бұрын екі құжат – баланың заңды өкілінің нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі мен сенімхаты талап етілетін. Мұндай талап инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы сәуірдегі бұйрығында бекітілген. Алайда көлік прокуратурасы қарама-қайшылықты байқап, осы бұйрыққа наразылық білдірді.
"Бұл норма Азаматтық кодекске және "Нотариат туралы" заңға сәйкес келісімді куәландыру өз алдына бөлек нотариаттық іс-әрекет екенін және "сенімхат" түрінде тағы бір құжаттың рәсімделуін талап етпейтінін ескермеген. Бұл ережелерді қолдану мониторингі көрсеткендей, жолсеріктер қағидаларға сілтеме жасап, мұндай жолаушыларды пойызға мінгізбеген жағдайлар болған", - делінген хабарламада.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі прокуратураның наразылығын толық көлемде қанағаттандырды және "Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясына бір ғана құжаттың болуы бойынша осындай қызметтер көрсету туралы нұсқау берді.
Яғни 15 жастан асқан жасөспірімдер өзімен бірге ата-анасының нотариалды куәландырылған келісімін ғана алып жүре алады.