Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украиналықтар өз қалаларын тастап кеткісі келмейді – сауалнама нәтижелері

© Sputnik / Алексей ФурманКиев, виды города
Киев, виды города - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2023
Жазылу
Әскери жағдай шиеленіскен жағдайда украиналықтар өз қалаларын тастап кетпейді, бірақ олар Украина қарулы күштерінің қатарына да қосылмайды. Мұндай тұжырымды америкалық зерттеушілер жасады
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Маусым айының соңында "Рейтинг" украиналық социологиялық тобы "Халықаралық республикалық институт" (International Republican Institute, IRI) америкалық коммерциялық емес халықаралық республикалық институттың тапсырысы бойынша Украинаның бақылауындағы қала тұрғындарының көңіл-күйіне зерттеу жүргізді.
Украина азаматтарының көпшілігінің үйлері арнайы операция кезінде зардап шеккен жоқ. Тұрғындар өз қалаларының маңындағы жағдай шиеленіскен жағдайда Украина қарулы күштерінің қатарына кіруге ниетті емес, сонымен қатар тұрғылықты жерлерінен кететін ойлары да жоқ. Осы және басқа да нәтижелер туралы USAID (халықаралық даму жөніндегі АҚШ мемлекеттік агенттігі) қаржыландыратын зерттеуден толығырақ біліңіз. Осы туралы және зерттеу қорытындылары жайлы толығырақ Sputnik Қазақстанның шолуынан біле аласыздар.

Ресейге қарсылық көрсетуге ниеттілер саны аз

USAID агенттігінің қаржылық қолдауымен америкалық коммерциялық емес IRI ұйымының тапсырысы бойынша Украинаның "Рейтинг" социологиялық тобы Украинаның бақылауындағы 21 қалада (соның ішінде Ресей Запорожьесінде) тұрақты тұратын азаматтарға сауалнама жүргізді.
Сауалнамаға18 жастан асқан 16,8 мың адам қатысқан.
сауалнама
сауалнама - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2023
сауалнама
Респонденттерге: "Тұрғылықты жеріне жақын маңда әскери жағдай шиеленіскен жағдайда не істеуді жоспарлап отырсыз?" деген сұрақ қойылды. Сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі үйлерін тастап кетуге ниетті емес екендерін, өз қалаларында қалуды жоспарлап отырғандарын айтып жауап берді.
Украина қарулы күштерінің құрамына кіруге және ресейлік әскерлерге қарсылық көрсетуге дайын адамдар аз, ал қолдарына қару алғысы келетіндер арасындағы көрсеткіш - 14-17%.
Бірақ Харьковта сауалнамаға қатысқандардың 6%-ы, Одесса, Чернигов және Запорожьеде – 8%, Николаевта-9% әскери жағдай шиеленіскен жағдайда Украина қарулы күштерінің құрамына кіретінін айтқан.

Бомбадан қорғану мәселелері

Зерттеу аясында Украинада бомбадан қорғайтын паналардың сапасы әлі де ақсап тұрғаны анықталды.
Бұл туралы қойылған сұраққа 21 қаланың 18-індегі сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі "нашар", "өте нашар" немесе "қызмет қолжетімсіз" деген нұсқаларды таңдаған.
Соғыс қимылдарынан аса қатты зардап шекпеген батыстағы Ужгород және Ивано-Франковск қалаларында жоғарыда аталған жауаптар "жауап беруге қиналамын" нұсқасынан сәл басымдықпен асып түсті. Батыстағы тағы екі қалада – Тернополь мен Луцкіде – "жауап беруге қиналамын" нұсқасы "жаман" деген жауаппен бірдей дауыс жинады.
Одессадағы жағдай да осыған ұқсас. Мұнда "жауап беруге қиналамын" нұсқасына дауыс бергендер саны "жаман" және "өте нашар" деген жауаптарды таңдағандармен бірдей.

Ресей тұрғын үйлерді бомбалап жатыр ма, жоқ па?

21 қаланың тұрғыны соғыс салдарынан тұрғын үйлері зардап шекті ме деген сұраққа қызықты жауап нұсқаларын ұсынды.
Сонымен, барлық қаладағы сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі Ресей жүргізіп жатқан арнайы әскери операция кезінде олардың тұрғын үйлері бүлінбегенін айтты. Тиісті жауаптарды 21 қаланың 18-індегі респонденттердің 94-100% – ы берді, Николаевта – 73%-ы, Черниговта – 66%-ы, Харьковта - 60%-ы жоғарыдағы жауап берген.
Үйлері зардап шеккен Николаев тұрғындарының 20% -ында залал "шамалы" ғана болып шықты. Чернигов тұрғындарының 24%-ында және Харьков тұрғындарының 30%-ында жағдай дәл осындай.
Жалпы алғанда, Николаевта, Черниговта және Харьковта сәйкесінше тұрғындардың 93%-ының, 90%-ының және 90%-ының үйлері соғыс қимылдары салдарынан мүлдем зардап шекпеген немесе аз ғана бүлінген.
Сауалнама нәтижелеріне сәйкес, респонденттердің көпшілігінде бұл қалаларда бүлінген тұрғын үйлерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмеген немесе тек ішінара жүргізілген.
Бұл туралы Черниговтағы сауалнамаға қатысқандардың 63% – ының (34%-ының үйлері ішінара қалпына келтірілген, ал 29%-ынында жұмыс істелмеген), Харьковта – 79%-ының (тиісінше 29% және 50%), Николаевта – 82%-ының (тиісінше 20% және 62% ) үйлері бұлінген.
Сонымен қатар, тұрғын үйлерін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізгендердің көпшілігі жөндеуге ақшаны өз қалталарынан төлеген.
Сауалнамаға Николаевта үйлері бүлінген тұрғындардың 71%-ы, Харьковта – 45%-ы және Черниговта – 77%-ы дәл осылай жауап берген. Ал қалпына келтіру жұмыстары Николаев тұрғындарының тек 19% -ының, Харьков тұрғындарының 46% -ының және Чернигов тұрғындарының 12% - ының үйлерін қалпына келтіру жұмыстары мемлекеттік қаражат есебінен жүргізілген.
Жаңалықтар
0