Қызылорда облысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысты: екі адам көз жұмды

© Photo : Rico_LoebАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Қызылорда облысында рейстегі автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлады Polisia.kz.
Трагедия 14 шілдеде Қызылорда қаласы Баймұрат ауылының тұсында Шымкент-Самара тасжолында болды. Автобус Қызылорда – Қазалы бағытында қатынаған.
"Жол апаты салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында, автобустың бір жолаушысы медициналық мекемеде көз жұмды. Автобус жүргізушісі мен 3 жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды, олардың біріне алғашқы медициналық көмек көрсетілді", - деп жазылған хабарламада.
Жол апаты дерегі бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Жаңалықтар
0