https://sputnik.kz/20230714/astanada-mandayshadagy-1200-den-astam-zharnama-alynyp-tastaldy--36803946.html
Астанада маңдайшадағы 1200-ден астам жарнама алынып тасталды
Астанада маңдайшадағы 1200-ден астам жарнама алынып тасталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Астанада бекітілген дизайн кодқа сәйкес келмейтін 1200-ден астам жарнамалық элемент бөлшектелді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің... 14.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-14T21:17+0500
2023-07-14T21:17+0500
2023-07-14T21:17+0500
жарнама
https://sputnik.kz/img/old/806/73/8067315_0:217:2871:1831_1920x0_80_0_0_c3c6b05085bb18bdddfd279c41773f29.jpg
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Астанада бекітілген дизайн кодқа сәйкес келмейтін 1200-ден астам жарнамалық элемент бөлшектелді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің ресми сайты.Мұндай заң бұзушылықтарды жою үшін шағын және орта бизнес иелеріне сыртқы жарнаманы сәйкестендіру туралы хабарламалар жіберіледі. Бұл жұмыс қаланың барлық ауданында жүргізіледі.Астана қаласының Урбанистика орталығы маңдайшалар бойынша 400 эскиздік ұсыныс пен ұсыным әзірледі. Қалалық Урбанистика орталығында келісілмеген сыртқы жарнама визуалды шу шығаратынын, қаланың жалпы көрінісі мен үйдің келбетін бұзатынын атап өтті. Мақсат – сыртқы жарнаманы ретке келтіру, біртұтас және тартымды қалалық ортаны құру.Мысалы, қазіргі уақытта "Лазурный квартал", "Триумфальный" тұрғын үй кешендері, сондай-ақ Сәтбаев, Түркістан көшелерінің, Мәңгілік ел, Республика даңғылдарының және т.б. бойында орналасқан тұрғын үй кешендері бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.Жарнама белгілерінің сәйкес келмейтіні туралы ұсыныстарды елорданың Урбанистика орталығының поштасына жіберуге болады: Centerofurbanism@gmail.com.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/806/73/8067315_69:0:2800:2048_1920x0_80_0_0_05859787954066ba9d6e4299c5e211e2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жарнама
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Астанада бекітілген дизайн кодқа сәйкес келмейтін 1200-ден астам жарнамалық элемент бөлшектелді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Мұндай заң бұзушылықтарды жою үшін шағын және орта бизнес иелеріне сыртқы жарнаманы сәйкестендіру туралы хабарламалар жіберіледі. Бұл жұмыс қаланың барлық ауданында жүргізіледі.
Астана қаласының Урбанистика орталығы маңдайшалар бойынша 400 эскиздік ұсыныс пен ұсыным әзірледі. Қалалық Урбанистика орталығында келісілмеген сыртқы жарнама визуалды шу шығаратынын, қаланың жалпы көрінісі мен үйдің келбетін бұзатынын атап өтті. Мақсат – сыртқы жарнаманы ретке келтіру, біртұтас және тартымды қалалық ортаны құру.
Мысалы, қазіргі уақытта "Лазурный квартал", "Триумфальный" тұрғын үй кешендері, сондай-ақ Сәтбаев, Түркістан көшелерінің, Мәңгілік ел, Республика даңғылдарының және т.б. бойында орналасқан тұрғын үй кешендері бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Жарнама белгілерінің сәйкес келмейтіні туралы ұсыныстарды елорданың Урбанистика орталығының поштасына жіберуге болады: Centerofurbanism@gmail.com.