Риддер ЖЭО-ның жаңа иесі барлық қарызды өз есебінен жабады – энергетика министрлігі

© Photo : Пресс-служба министерства энергетики КазахстанаПредставители территориального департамента Комитета энергонадзора посетили ТЭЦ-2 АО "Арселор Миттал Темиртау"
Представители территориального департамента Комитета энергонадзора посетили ТЭЦ-2 АО Арселор Миттал Темиртау - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Риддер жылу электр станциясының жаңа иесі Әміржан Нәбиев кәсіпорынның барлық қарызын өз есебінен жабуға уәде берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан энергетика минстрлігіне сілтеме жасап.
Нәбиев 1 шілдеден бастап Риддер жылу электр станциясының жаңа иесі болып саналады. Бүгін энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің Шығыс Қазақстан облысының халқымен болған кездесу кезінде кәсіпкер барлық қарызды жабуға уәде берді.
Бүгінде кәсіпорынның жалпы қарызы 5,5 млрд теңгені құрайды. Министр Сәтқалиевтің айтуынша, Риддер жылу электр орталығын жөндеу жұмыстарына 8 мердігерлік компания тартылды.
"Жөндеу жұмыстары бойынша жобалық-сметалық құжаттарға мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынды. Жөндеу шараларының жалпы сомасы – 8,3 млрд теңге. Риддер ЖЭО-дағы барлық жұмыс кесте бойынша жылу маусымы басталғанша аяқталады деген жоспар бар", - деді министр.
Айта кетері, Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеулер департаменті "Риддер ЖЭО" АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі қозғады.
Алматинская ТЭЦ-2 - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2023
"Риддер ЖЭО"-ның бұрынғы қызметкерлері тергеуге алынды
Жаңалықтар
0