https://sputnik.kz/20230713/zharkentte-kisi-qolynan-qaza-tapqan-ayeldin-anasy-kudikti-balamnyn-dosy--video-36765794.html
Жаркентте кісі қолынан қаза тапқан әйелдің анасы: күдікті баламның досы – видео
Жаркентте кісі қолынан қаза тапқан әйелдің анасы: күдікті баламның досы – видео
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 13 шілде – Sputnik. Жаркентте қаскөйдің қолынан қаза тапқан 42 жастағы Элеонора Зипарованың анасы Sputnik Қазақстан тілшісіне күдікті жазадан құтылып... 13.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-13T10:15+0500
2023-07-13T10:15+0500
2023-07-13T10:15+0500
видео
жетісу облысы
https://sputnik.kz/img/07e7/07/0d/36765627_0:19:1454:837_1920x0_80_0_0_9b9dc04abfdef71be1f69225b1ce535f.png
АЛМАТЫ, 13 шілде – Sputnik. Жаркентте қаскөйдің қолынан қаза тапқан 42 жастағы Элеонора Зипарованың анасы Sputnik Қазақстан тілшісіне күдікті жазадан құтылып кете ме деп қауіптеніп отырғанын айтты."Үйден анда-санда ғана шығатын. Денсаулығында ақауы болды, үйден аттап шықпайтын. Өте бір бала көңіл, пәк жан еді. Сол күні кешке дүкеннен тұшпара алып келемін деп шығып кетіп, содан қайтып оралмады. Түнде шықпашы далаға десем, "мама, 42 жасқа келген мені кім алады" деп әзілдейтін", - дейді Қарлығаш Зипарова.Қарлығаш Зипарованың үш қыз, бір ұлы болған. Біраз жыл бұрын жалғыз ұлы жол апатынан қайтыс болған. Ал қызы өмірден өтерде қарт ана түс көріпті."Оқиға болардан 6 күн бұрын анам түсіме кіріпті. Әдемі киініп алып, мені құшақтап жұбатып жатыр. Қызымды жоқтап жыламасын дегені ме екен", - дейді көз жасы көл болған Қарлығаш апай.Аяқ-қолы балғадай қызының мәйітін үйге әкелгенде салмағы небәрі 15 кг ғана болған. Марқұмның туыстары қызды кім өлтіргенін алдын ала білдік деп отыр.Күдікті деп отырған адам қара жамылған отбасының көршісі.Еске сала кетейік, жантүршігерлік оқиға 4 шілдеде Жетісу облысының Жаркент қаласында болған. Қаскөй әйелді өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген.
жетісу облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/0d/36765627_157:0:1298:856_1920x0_80_0_0_d97702bf6d2a2d33b2672e001ab046bc.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жетісу облысы, видео
АЛМАТЫ, 13 шілде – Sputnik. Жаркентте қаскөйдің қолынан қаза тапқан 42 жастағы Элеонора Зипарованың анасы
Sputnik Қазақстан тілшісіне күдікті жазадан құтылып кете ме деп қауіптеніп отырғанын айтты.
"Үйден анда-санда ғана шығатын. Денсаулығында ақауы болды, үйден аттап шықпайтын. Өте бір бала көңіл, пәк жан еді. Сол күні кешке дүкеннен тұшпара алып келемін деп шығып кетіп, содан қайтып оралмады. Түнде шықпашы далаға десем, "мама, 42 жасқа келген мені кім алады" деп әзілдейтін", - дейді Қарлығаш Зипарова.
Қарлығаш Зипарованың үш қыз, бір ұлы болған. Біраз жыл бұрын жалғыз ұлы жол апатынан қайтыс болған. Ал қызы өмірден өтерде қарт ана түс көріпті.
"Оқиға болардан 6 күн бұрын анам түсіме кіріпті. Әдемі киініп алып, мені құшақтап жұбатып жатыр. Қызымды жоқтап жыламасын дегені ме екен", - дейді көз жасы көл болған Қарлығаш апай.
Аяқ-қолы балғадай қызының мәйітін үйге әкелгенде салмағы небәрі 15 кг ғана болған. Марқұмның туыстары қызды кім өлтіргенін алдын ала білдік деп отыр.
"Күдікті жол апатынан қайтыс болған баламның досы болған. Ұлым өлгеннен кейін бір жыл келмей кетіп, бір-ақ рет келді. Бұл адам бұған дейін де қылмыстық іс бойынша тергеуде болған. Бірақ ол кезде жазаланбады. Бұл жолы да жазадан құтылып кете ме деп қорқып отырмыз", - дейді марқұмның анасы.
Күдікті деп отырған адам қара жамылған отбасының көршісі.
Еске сала кетейік, жантүршігерлік оқиға 4 шілдеде Жетісу облысының Жаркент қаласында болған. Қаскөй әйелді өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген.