https://sputnik.kz/20230713/saryagashtan-astanaga-kele-zhatqan-otbasy-zhol-apatyna-ushyrady-qaza-tapqandar-bar-36766175.html
Сарыағаштан Астанаға келе жатқан отбасы жол апатына ұшырады: қаза тапқандар бар
Сарыағаштан Астанаға келе жатқан отбасы жол апатына ұшырады: қаза тапқандар бар
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. 10 шілде күні Ақмола облысында Toyota Alphard жол апатына түсті. 22 жастағы көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып... 13.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-13T10:52+0500
2023-07-13T10:52+0500
2023-07-13T10:52+0500
сарыағаш
астана
https://sputnik.kz/img/22/72/227239_0:0:5184:2916_1920x0_80_0_0_f1efef2a6eeada7fed0c383055573e97.jpg
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. 10 шілде күні Ақмола облысында Toyota Alphard жол апатына түсті. 22 жастағы көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан өңір полициясына сілтеме жасап.Оқиға орнында 71 жастағы және 31 жастағы екі әйел көз жұмды. Кәмелет жасқа толмаған үш бала Астанадағы ауруханаға жеткізілді. Барлығы – бір отбасының адамдары. Олар Toyota Alphard Сарыағаштан Астанаға жету үшін жалдаған.Осы жағдайдан кейін Ақмола облыстық полиция департаменті минивэн жүргізушілерін жылдамдық режимін сақтауға үндеді.Ведомствоның мәліметінше, жол апатына көбінесе жүргізушілердің өздері кінәлі. Олар жылдамдық режимін сақтамайды. Оған қоса, шаршап тұрса да, жолға шығып кетеді.Осы орайда тәртіп сақшылары қоғамдық көліктер, соның ішінде автовокзалдардағы шағын автобустар техникалық диагностикадан өтетінін, сақтандыру полисі бар екенін еске салды. Ал жүргізушілер медициналық тексерістен өтіп тұрады. Жеке тасымалдаушылар болса, бұл талаптарды сақтамайды.
сарыағаш
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/22/72/227239_576:0:5184:3456_1920x0_80_0_0_fc0946f4fea20485ab867b90afa87ef2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сарыағаш, астана
Сарыағаштан Астанаға келе жатқан отбасы жол апатына ұшырады: қаза тапқандар бар
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. 10 шілде күні Ақмола облысында Toyota Alphard жол апатына түсті. 22 жастағы көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан өңір полициясына сілтеме жасап.
Оқиға орнында 71 жастағы және 31 жастағы екі әйел көз жұмды. Кәмелет жасқа толмаған үш бала Астанадағы ауруханаға жеткізілді. Барлығы – бір отбасының адамдары. Олар Toyota Alphard Сарыағаштан Астанаға жету үшін жалдаған.
Осы жағдайдан кейін Ақмола облыстық полиция департаменті минивэн жүргізушілерін жылдамдық режимін сақтауға үндеді.
Ведомствоның мәліметінше, жол апатына көбінесе жүргізушілердің өздері кінәлі. Олар жылдамдық режимін сақтамайды. Оған қоса, шаршап тұрса да, жолға шығып кетеді.
"Жыл басынан бері Ақмола облысының аумағында "Toyota Alphard", "Toyota Estima" және минивэндердің қатысуымен 12 жол апаты болып, 13 адам қаза тапты. 39 адам түрлі жарақат алды. Көлік жүргізушілерінің бәрі заңсыз такси қызметімен айналысқан", - дейді полицейлер.
Осы орайда тәртіп сақшылары қоғамдық көліктер, соның ішінде автовокзалдардағы шағын автобустар техникалық диагностикадан өтетінін, сақтандыру полисі бар екенін еске салды. Ал жүргізушілер медициналық тексерістен өтіп тұрады. Жеке тасымалдаушылар болса, бұл талаптарды сақтамайды.