https://sputnik.kz/20230713/maek-tegi-stansa-zhabdyqtary-abden-tozgan--tekseristin-aldyn-ala-qorytyndysy-36760086.html
МАЭК-тегі станса жабдықтары әбден тозған – тексерістің алдын ала қорытындысы
МАЭК-тегі станса жабдықтары әбден тозған – тексерістің алдын ала қорытындысы
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында (МАЭК) 3 шілдеде болған апаттың салдары толығымен жойылды. Бұл туралы премьер-министр... 13.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-13T08:29+0500
2023-07-13T08:29+0500
2023-07-13T08:29+0500
тексеріс
https://sputnik.kz/img/07e7/07/04/36536814_0:1:1024:577_1920x0_80_0_0_8ae16211a75df06e63f44173d777f177.jpg
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында (МАЭК) 3 шілдеде болған апаттың салдары толығымен жойылды. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында айтылды.Сонымен қатар Батыс өңірдің энергожүйесінің жай-күйіне жан-жақты талдау жасалып, Атырау мұнай өңдеу зауытын (АМӨЗ) электр қуатымен тұрақты қамтамасыз ету мәселесі бөлек қаралды.Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл жағдай Батыс өңірдің энергожүйесіндегі теңгерімді болжау және жөндеу схемаларын жоспарлаудағы кемшіліктердің барын айғақтайды. ҚР Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің Батыс аймағының электр желісін күшейту жобасын іске асыру созылып кеткен.Атырау және Маңғыстау облыстарындағы өңірлік стансаларда, бірінші кезекте МАЭК-те апат қаупі жоғары екендігі анықталып отыр. Станса жабдықтарының әбден тозығы жеткен.Сонымен қатар "Karabatan Utility Solutions" ЖШС-нің жаңа бу-газ жылу стансасының жұмысына қатысты мәселетуындауда. Атырау мұнай өңдеу зауытының сыртқы электрмен жабдықтау схемасында айтарлықтай ақаулар бар.Апатқа жол бергенлауазымды тұлғалардың жауапкершілігін анықтау жұмыстары жалғасып жатыр.Бұл ретте алдағы уақытта осындай жағдайларды болдырмау үшін бірқатар жүйелі проблемаларды шешу жоспары әзірленді. Ол МАЭК-ті жаңғырту мен күрделі жөндеуді, БЭЖ-дің Батыс аймағының электр желісін күшейтуді, АМӨЗ-де қуаттылығы жоғары жеке энергия көзін салуды, Батыс аймақты ҚР БЭЖ-бен байланыстыруды көздейді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/04/36536814_160:0:929:577_1920x0_80_0_0_65abb620d01a410a535a2039b673325f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тексеріс
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында (МАЭК) 3 шілдеде болған апаттың салдары толығымен жойылды. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында айтылды.
"Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Мемлекеттік комиссияның жұмыс тобы 6-9 шілде аралығында Маңғыстау және Атырау облыстарына барып, нәтижесінде 3 шілдеде болған оқиғалар тізбегі толығымен қалпына келтірілгенін баяндады", - деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Сонымен қатар Батыс өңірдің энергожүйесінің жай-күйіне жан-жақты талдау жасалып, Атырау мұнай өңдеу зауытын (АМӨЗ) электр қуатымен тұрақты қамтамасыз ету мәселесі бөлек қаралды.
Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл жағдай Батыс өңірдің энергожүйесіндегі теңгерімді болжау және жөндеу схемаларын жоспарлаудағы кемшіліктердің барын айғақтайды. ҚР Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің Батыс аймағының электр желісін күшейту жобасын іске асыру созылып кеткен.
Атырау және Маңғыстау облыстарындағы өңірлік стансаларда, бірінші кезекте МАЭК-те апат қаупі жоғары екендігі анықталып отыр. Станса жабдықтарының әбден тозығы жеткен.
Сонымен қатар "Karabatan Utility Solutions" ЖШС-нің жаңа бу-газ жылу стансасының жұмысына қатысты мәселетуындауда. Атырау мұнай өңдеу зауытының сыртқы электрмен жабдықтау схемасында айтарлықтай ақаулар бар.
Апатқа жол бергенлауазымды тұлғалардың жауапкершілігін анықтау жұмыстары жалғасып жатыр.
Бұл ретте алдағы уақытта осындай жағдайларды болдырмау үшін бірқатар жүйелі проблемаларды шешу жоспары әзірленді. Ол МАЭК-ті жаңғырту мен күрделі жөндеуді, БЭЖ-дің Батыс аймағының электр желісін күшейтуді, АМӨЗ-де қуаттылығы жоғары жеке энергия көзін салуды, Батыс аймақты ҚР БЭЖ-бен байланыстыруды көздейді.