Докторантура емтиханына құжат қабылдау басталды

CC0 / Free-Photos / Иллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Докторантура емтиханына құжат қабылдау басталды. Ол 2023 жылдың 3 тамызына дейін жалғасады, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Оқуға түсу емтиханын тапсыру үшін Ұлттық тестілеу орталығының http://app.testcenter.kz/ сайтында тіркелу керек.
Ведомство докторантураға түсу үшін тек бір жоғары оқу орны мен білім беру бағдарламаларының бір тобын ғана таңдауға болатындығын ескертті.
"Егер оқуға түсушіге берілген өтінішке (тестілеуді тапсыру қаласы, білім беру бағдарламаларының тобы, тестілеуді тапсыру тілі) өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, оған өтініштерді қабылдау жүйесі жабылғанға дейін (3 тамызға дейін) өтінішті өңдеу немесе жою мүмкіндігі беріледі", - деп жазылған хабарламада.
Тестілеуді өткізу орны мен уақыты туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде 9 тамызда қолжетімді болады.
Түсу емтиханына эссе жазу, докторантураға дайындық тесті және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан кіреді. Жалпы, түсу емтиханының ең жоғары көрсеткіші 100 балл, оның ішінде әңгімелесу – 20 балл, эссе – 10 балл, докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест – 30 балл, бейіні бойынша емтихан сұрақтары – 40 балды құрайды. Ал мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін және ақылы негізде докторантураға түсу үшін шекті балл 75 балды құрайды.
Сондай-ақ 2022 жылдан бастап докторантураға түсу үшін шет тілін білу сертификатынан басқа, ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат ұсыну қажет.
Жаңалықтар
0