Білім

Білім гранттарына өтініш қабылдау басталды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Бүгін еліміз бойынша жоғары оқу орындарына түсу үшін білім гранттары конкурсына өтініш қабылдау басталды. Науқан 20 шілдеге дейін жалғасады, деп хабарлайды ғылым және жоғары білім министрлігі.
Талапкерлер өтінішін онлайн да, офлайн да тапсыра алады.
Биыл құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн немесе ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта жүргізіледі.
Сондай-ақ, ЖОО-да виртуалды қабылдау комиссиясы жұмыс істейді. Құжаттарды қабылдау кез келген ЖОО (орналасқан жері бойынша) арқылы жүзеге асырылады.
Білім гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.
Айта кетері, осы жылы бакалавриатқа түсу үшін 73 мың грант бөлініп отыр.
Ұлттық тестілеу орталығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2023
ҰБТ-2023: республика бойынша орташа балл – 73
Жаңалықтар
0