Батарейка жұтып қойған баланың өңеші күйіп қалды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Павлодар қаласында батарейка жұтып қойған үш жасар қызға шұғыл операция жасалды. Кішкентай қыз жансақтау бөлімінде үш апта жатты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бала облыстық ауруханаға түскенде оған бірнеше диагноз қойылды. Түйме пішіндес батарейкаөңешінде тұрып қалған. Одан 2-3 дәрежелі химиялық күйік алған. Пневмомедиастинум болды. Соның салдарынан кеуде, мойын мен бет терісінің астында ауа жиналған.
"Баланың жағдайы өте ауыр болды. Пневмомедиастинумның салдарынан ауа жетпей қалды. Өңеші күйіп қалды, интоксикация басталды", - дейді дәрігерлер.
Үш жасар қыз жан сақтау бөлімінде 16 күн жатты. Сосын хирургиялық бөлімге ауыстырылды. Ал стационарлық емдеуден кейін үйіне жіберілді.
Ресми мәліметке сәйкес, биыл бес айдың ішінде Павлодар облыстық балалар ауруханасына бөгде затты жұтып қойған 28 бала түскен. Дәрігерлер тиын, ойыншықтың ұсақ бөлшектері, түйме, сырға, сақина, қыстырғыш, ине, түйреуіш, кеңсе түймешегі, тіс тазартқыш, сондай-ақ шағын батарейка, магнит пен гидрогель шариктерін алып шыққан.
Жаңалықтар
0