https://sputnik.kz/20230713/atyrau-oblysynda-kariz-qudygyn-zhondeu-kezinde-eki-zhumysshy-koz-zhumdy-36784675.html
Атырау облысында кәріз құдығын жөндеу кезінде екі жұмысшы көз жұмды
Атырау облысында кәріз құдығын жөндеу кезінде екі жұмысшы көз жұмды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Атырау облысы Жылыой ауданы Жаңа Қаратон ауылында кәріз құдығын жөндеп жатқан екі жұмысшы қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik... 13.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-13T18:11+0500
2023-07-13T18:11+0500
2023-07-13T18:11+0500
атырау облысы
оқыс оқиға
https://sputnik.kz/img/474/99/4749910_19:0:981:541_1920x0_80_0_0_e324b35f28a75f5a6e1bce694db37019.jpg
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Атырау облысы Жылыой ауданы Жаңа Қаратон ауылында кәріз құдығын жөндеп жатқан екі жұмысшы қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Жылыой су" мекемесінің жұмысшылары кәріз құдығына құлап кеткен.Оқиға 13 шілдеде болған."Төтенше жағдайлар бөлімшесіне сағат 09:42-де Жаңа Қаратон кенті тұрғынан хабар келіп түсті. Кәріз құдығынан 1963 жылғы және 1976 жылғы екі адамның мүрдесі шығарылып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды", - дейді Жылыой ауданының төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Нариман Өтешов.Марқұм болғандардың бірі – зейнет жасына таяған учаске басшысы, 20 жылдық тәжірибесі бар. Екінші жұмысшы да осы мекемеде 10 жыл еңбек еткен."Кәріз құдығының екі ортасы құбырмен жалғасады. Бір құдық бітеліп қалған. Соны тазалау үшін екінші құдықтан түсіп, құбыр ортасындағы бітелген жерді сумен үрлеп жіберген. Сол кезде толып тұрған келесі құдықтағы кәріз суы жұмысшыны ағызып әкеткен", - дейді "Жылыой су" мекемесінің мамандары.Сыртта бақылап тұрған учаске басшысы да жұмысшыны құтқармақ болған."Учаске басшысы құтқарамын деп, құдыққа қоса секірген. Өкінішке орай екі жұмысшыда да қауіпсіздік белбеуі мен арқан болмаған. Мұндай жағдайда жұмысшының бірі түсіп, келесі жұмысшы сыртта арқанмен тартып ұстап тұру керек еді. Негізі екі маман да тәжірибелі, талай жыл осы мекемеде жұмыс істеген жандар", - дейді мекеме басшылығы.
https://sputnik.kz/20230710/shuda-eki-bala-kariz-suyna-batyp-ketti-36653727.html
атырау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/474/99/4749910_140:0:861:541_1920x0_80_0_0_e269c9df2b849b108de3db1af5bc740c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау облысы, оқыс оқиға
атырау облысы, оқыс оқиға
Атырау облысында кәріз құдығын жөндеу кезінде екі жұмысшы көз жұмды
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Атырау облысы Жылыой ауданы Жаңа Қаратон ауылында кәріз құдығын жөндеп жатқан екі жұмысшы қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Жылыой су" мекемесінің жұмысшылары кәріз құдығына құлап кеткен.
"Жаңа Қаратонда орталықтандырылған кәріз жүйесі бар. Сол кәріз жүйесінің құдықтарын тазалап жатқанда екі жұмысшы құлап кеткен", - дейді Жаңа Қаратон ауылының әкімі Сансызбай Баймұратов.
"Төтенше жағдайлар бөлімшесіне сағат 09:42-де Жаңа Қаратон кенті тұрғынан хабар келіп түсті. Кәріз құдығынан 1963 жылғы және 1976 жылғы екі адамның мүрдесі шығарылып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды", - дейді Жылыой ауданының төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Нариман Өтешов.
Марқұм болғандардың бірі – зейнет жасына таяған учаске басшысы, 20 жылдық тәжірибесі бар. Екінші жұмысшы да осы мекемеде 10 жыл еңбек еткен.
"Кәріз құдығының екі ортасы құбырмен жалғасады. Бір құдық бітеліп қалған. Соны тазалау үшін екінші құдықтан түсіп, құбыр ортасындағы бітелген жерді сумен үрлеп жіберген. Сол кезде толып тұрған келесі құдықтағы кәріз суы жұмысшыны ағызып әкеткен", - дейді "Жылыой су" мекемесінің мамандары.
Сыртта бақылап тұрған учаске басшысы да жұмысшыны құтқармақ болған.
"Учаске басшысы құтқарамын деп, құдыққа қоса секірген. Өкінішке орай екі жұмысшыда да қауіпсіздік белбеуі мен арқан болмаған. Мұндай жағдайда жұмысшының бірі түсіп, келесі жұмысшы сыртта арқанмен тартып ұстап тұру керек еді. Негізі екі маман да тәжірибелі, талай жыл осы мекемеде жұмыс істеген жандар", - дейді мекеме басшылығы.