Экономика

Жарты жыл ішінде мемлекеттік бюджет 9,2 трлн теңгеге толықты

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. Жыл басынан бері мемлекеттік бюджетке 9,2 трлн теңгеден аса кіріс түсті. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкімет отырысында вице-премьер осы жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қаржының атқарылу көрсеткіштері туралы баяндады.
"Мемлекеттік бюджетке 9,2 трлн теңгеден аса кірістер түсті немесе 102,3%-ке орындалды. Республикалық бюджетке 6,1 трлн теңге түсті. Жоспар 94,7%-ке орындалды. Атқарылмаған бөлігі 343 млрд теңгені құрады", - деді Жамаубаев.
Айтуынша, салықтар бойынша жоспардың 391 млрд теңгеге орындалмауы негізінен корпоративтік табыс салығы, шикі мұнайға экспорттық кеден бажы және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық есебінен қалыптасты.
Сондай-ақ жергілікті бюджеттердің кірістері 121,7%-ке атқарылды және 3,1 трлн теңгені құрады. Жоспар 552 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар бойынша 504 млрд теңгеге асыра орындалды.
Жамаубаев кірістер бойынша жоспарлар барлық өңірде асыра орындалғанын атап өтті.
Ал мемлекеттік бюджеттің шығыстары 99,3%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,4%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 99,5%-ке атқарылған.
"Республикалық бюджет бойынша сомасы 11 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 62 млрд теңгені құрады, оның ішінде 13 млрд теңге – үнемдеу. Игерілмегені – 49 млрд теңге. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары төтенше жағдайлар, экология және табиғи ресурстар, мәдениет және спорт және сыртқы iстер министрліктерінде қалыптасты", - деді қаржы министрі.
Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу; шот-фактуралар, атқарылған жұмыс актілерінің уақытылы өткізілмеуі; есепті айда қаражатты жұмсау қажеттілігінің болмауы.
Бұдан бөлек, оның айтуынша, жергілікті бюджеттердің шығыстары 5,8 трлн теңгені құрады. Атқарылмағаны – 28 млрд теңге.
"Биыл өңірлерге 2 трлн теңгеге жуық нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 шілдеге 755 млрд теңге бөлінген. Оның 99,0%-і игерілген. Игерілмегені – 8 млрд теңге", - деді вице-премьер.
Қаражатты ең көп игермеген өңірлер: Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола және Атырау облыстары.
Жаңалықтар
0