https://sputnik.kz/20230712/toqaev-zansyz-iemdenilgen-aktivterdi-memleketke-qaytaru-turaly-zanga-qol-qoydy-36747330.html
Тоқаев заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы заңға қол қойды
Тоқаев заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы заңға қол қойды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды... 12.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-12T14:14+0500
2023-07-12T14:14+0500
2023-07-12T14:56+0500
қасым-жомарт тоқаев
экономика
https://sputnik.kz/img/07e7/07/0c/36747163_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_52679082c2cfaa8f974431374991ae6c.jpg
АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.Сондай-ақ оған ілеспе заңдарға да қол қойылды. Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.Жаңа заң кімдерге қолданыладыЗаңға сәйкес қайтару тетіктері ірі сыбайлас жемқорлық субъектілеріне және әкімшілік-билік ресурстары (байланыстары, ықпалы) бар адамдармен сыбайлас олигополиялық топтарға қолданылады.Заң жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын (атқарған) субъектілерге, мемлекеттік заңды тұлғаларға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, сондай-ақ аталған тұлғалармен аффилирленген субъектілерге қолданылады.Бұл ретте заң ережелерін қолдану үшін көрсетілген критерийлерге қосымша тұлғаларда заңда белгіленген шекті сомадан – 13 млн АЕК-тен асатын (44 млрд 850 млн теңге немесе шамамен 100 млн АҚШ доллары) активтері болуға тиіс.Активтер мемлекетке қалай қайтарыладыАктивтерді қайтару жұмыстарын арнаулы уәкілетті орган - Бас прокуратура жүргізеді. Ол мемлекеттік органдардың ақпараты және заңнамада тыйым салынбаған басқа да көздер негізінде мониторинг пен талдау жасайды.Мониторинг және талдау барысында активтерді заңсыз шығару схемасына қатысы бар тұлғалар тобы, олармен үлестес тұлғалар тобы, активтердің жиынтық мөлшері, активтерді заңсыз иемденудің, оларды елден тыс жерге шығарудың белгілері мен мән-жайы және өзге де мәліметтер айқындалады.Талдау қорытындысы бойынша, егер уәкілетті органда сатып алынған активтердің заңдылығына қатысты орынды күмән туындаса, ол активтерді қайтару жөніндегі комиссияға осындай субъектілер мен олардың үлестес тұлғаларын тиісті реестрге қосу туралы ұсыныстар енгізеді. Айта кетері, комиссия парламент депутаттарынан, қоғам қайраткерлерінен, үкімет мүшелерінен, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларынан және өзге де тұлғалардан құралады. Оны премьер-министр жасақтайды.️Комиссия тұлғаларды Реестрге енгізу туралы шешім қабылдайды. Сондай-ақ әлеуметтік, саяси және экономикалық тұрақтылықты ескере отырып, активтерді қайтару жөніндегі алдағы шаралар туралы шешім қабылдайды, қала құраушы кәсіпорындардың активтері бойынша ұсынымдар әзірлейді.Комиссия адамдарды Реестрге енгізген жағдайда, уәкілетті орган бұл туралы оларды хабардар етеді және осы сәттен бастап тұлғалар активтерді иемденудің заңдылығын растай отырып, активтер туралы декларацияны тапсыра алады (бір ай ішінде не 3 ай ішінде – құжаттарды жинау және дайындау үшін неғұрлым ұзақ мерзім қажет болған жағдайда).Декларацияда субъектілер заңды тұлғаның кірістерін, активтерін, жарғылық капиталына қатысу үлестерін, Қазақстандағы және шетелдегі қарыздарды, активтердің шығу тегі туралы өзге де мәліметтерді көрсетуге тиіс.Егер тұлға активтерді иемденудің заңдылығын растай алмаса, онда мұндай активтер шығу тегі түсініксіз активтер деп танылады.Активті елден шығару немесе оны иеліктен шығару қаупі туындаған кезде, уәкілетті орган алдын алу шараларын қабылдау туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.Заңсыз байығандардың активтері қалай қайтарылатынын толығырақ Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.
https://sputnik.kz/20230625/zansyz-bayygandar-aktivter-elge-qalay-qaytarylady-zan-36326717.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/0c/36747163_116:0:1193:808_1920x0_80_0_0_963ab59ae015e943e235d266e955df74.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Сондай-ақ оған ілеспе заңдарға да қол қойылды. Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.
Жаңа заң кімдерге қолданылады
Заңға сәйкес қайтару тетіктері ірі сыбайлас жемқорлық субъектілеріне және әкімшілік-билік ресурстары (байланыстары, ықпалы) бар адамдармен сыбайлас олигополиялық топтарға қолданылады.
Заң жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын (атқарған) субъектілерге, мемлекеттік заңды тұлғаларға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, сондай-ақ аталған тұлғалармен аффилирленген субъектілерге қолданылады.
Бұл ретте заң ережелерін қолдану үшін көрсетілген критерийлерге қосымша тұлғаларда заңда белгіленген шекті сомадан – 13 млн АЕК-тен асатын (44 млрд 850 млн теңге немесе шамамен 100 млн АҚШ доллары) активтері болуға тиіс.
Активтер мемлекетке қалай қайтарылады
Активтерді қайтару жұмыстарын арнаулы уәкілетті орган - Бас прокуратура жүргізеді. Ол мемлекеттік органдардың ақпараты және заңнамада тыйым салынбаған басқа да көздер негізінде мониторинг пен талдау жасайды.
Мониторинг және талдау барысында активтерді заңсыз шығару схемасына қатысы бар тұлғалар тобы, олармен үлестес тұлғалар тобы, активтердің жиынтық мөлшері, активтерді заңсыз иемденудің, оларды елден тыс жерге шығарудың белгілері мен мән-жайы және өзге де мәліметтер айқындалады.
Талдау қорытындысы бойынша, егер уәкілетті органда сатып алынған активтердің заңдылығына қатысты орынды күмән туындаса, ол активтерді қайтару жөніндегі комиссияға осындай субъектілер мен олардың үлестес тұлғаларын тиісті реестрге қосу туралы ұсыныстар енгізеді.
Айта кетері, комиссия парламент депутаттарынан, қоғам қайраткерлерінен, үкімет мүшелерінен, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларынан және өзге де тұлғалардан құралады. Оны премьер-министр жасақтайды.
️Комиссия тұлғаларды Реестрге енгізу туралы шешім қабылдайды. Сондай-ақ әлеуметтік, саяси және экономикалық тұрақтылықты ескере отырып, активтерді қайтару жөніндегі алдағы шаралар туралы шешім қабылдайды, қала құраушы кәсіпорындардың активтері бойынша ұсынымдар әзірлейді.
Комиссия адамдарды Реестрге енгізген жағдайда, уәкілетті орган бұл туралы оларды хабардар етеді және осы сәттен бастап тұлғалар активтерді иемденудің заңдылығын растай отырып, активтер туралы декларацияны тапсыра алады (бір ай ішінде не 3 ай ішінде – құжаттарды жинау және дайындау үшін неғұрлым ұзақ мерзім қажет болған жағдайда).
Декларацияда субъектілер заңды тұлғаның кірістерін, активтерін, жарғылық капиталына қатысу үлестерін, Қазақстандағы және шетелдегі қарыздарды, активтердің шығу тегі туралы өзге де мәліметтерді көрсетуге тиіс.
Егер тұлға активтерді иемденудің заңдылығын растай алмаса, онда мұндай активтер шығу тегі түсініксіз активтер деп танылады.
Активті елден шығару немесе оны иеліктен шығару қаупі туындаған кезде, уәкілетті орган алдын алу шараларын қабылдау туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.
Заңсыз байығандардың активтері қалай қайтарылатынын толығырақ
Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.