https://sputnik.kz/20230712/toqaev-ministrge-totenshe-zhagdaylardyn-sanyn-azaytudy-tapsyrdy-36740911.html
Тоқаев министрге төтенше жағдайлардың санын азайтуды тапсырды
Тоқаев министрге төтенше жағдайлардың санын азайтуды тапсырды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановты қабылдады, деп хабарлады Ақорда. 12.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-12T11:49+0500
2023-07-12T11:49+0500
2023-07-12T11:49+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/748/13/7481383_0:0:6017:3385_1920x0_80_0_0_1ecc03415eb667e96f63f60804a11e4f.jpg
АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Президентке төтенше жағдайлар министрлігінің атқарып жатқан жұмыстары мен жоспары жөнінде баяндалды.Мемлекет басшысына министрлікте алдағы уақытта жүзеге асырылатын трансформация және қоғамда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру жұмыстары туралы мәлімет берілді.Министрдің айтуынша, төтенше жағдайлардың саны мен ауқымы ұлғайған жағдайда азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін төтенше жағдайдың салдарын жоюдан бұрын оның алдын алуға бағдарлау көзделіп отыр.Сырым Шәріпханов халықты алдын ала қорғауға қажетті жағдай жасау мақсатында қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге айрықша мән беріліп отырғанын айтты.Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке төтенше жағдайлардың санын азайту, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру жөнінде тапсырма берді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/748/13/7481383_0:0:5355:4016_1920x0_80_0_0_29221478bd64245d310fbd0d9fb385a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Президентке төтенше жағдайлар министрлігінің атқарып жатқан жұмыстары мен жоспары жөнінде баяндалды.
Мемлекет басшысына министрлікте алдағы уақытта жүзеге асырылатын трансформация және қоғамда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру жұмыстары туралы мәлімет берілді.
Министрдің айтуынша, төтенше жағдайлардың саны мен ауқымы ұлғайған жағдайда азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін төтенше жағдайдың салдарын жоюдан бұрын оның алдын алуға бағдарлау көзделіп отыр.
"Сонымен қатар президентке құтқару бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын жарақтандыру және цифрландыру ісін нығайту, сондай-ақ құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің кадрлық әлеуетін арттыру, оларды әлеуметтік қорғау шараларын күшейту жөнінде ақпарат берілді", - деп жазылған хабарламада.
Сырым Шәріпханов халықты алдын ала қорғауға қажетті жағдай жасау мақсатында қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге айрықша мән беріліп отырғанын айтты.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке төтенше жағдайлардың санын азайту, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру жөнінде тапсырма берді.