https://sputnik.kz/20230712/tarifti-koteruden-tusetin-payda-bireudin-qaltasyna-ketpeydi--smayylov-36736821.html
Тарифті көтеруден түсетін пайда біреудің қалтасына кетпейді – Смайылов
Тарифті көтеруден түсетін пайда біреудің қалтасына кетпейді – Смайылов
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов коммуналдық қызметтердің тарифін көтеруден түсетін ақша біреудің қалтасына түспейтінін айтты, деп... 12.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-12T11:03+0500
2023-07-12T11:03+0500
2023-07-12T11:03+0500
коммуналдық қызмет
тарифтер
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0e/32084908_0:66:3405:1981_1920x0_80_0_0_208ad4d3a874cc0bf557c01dcef3e93c.jpg
АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов коммуналдық қызметтердің тарифін көтеруден түсетін ақша біреудің қалтасына түспейтінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Премьер-министр биыл тұрғындар үшін тарифтер 10%-тен 30%-ке дейін өсетінін мәлімдеді. Айтуынша, бұл – барынша ұстамды тариф. Онсыз коммуналдық инфрақұрылымның сапалы жұмысын қамтамасыз ету және оны жаңғырту мүмкін емес."Тариф мәселесінде біз барлық жақтың да мүддесін ескеретін тең ортаны таба білуіміз керек. Яғни, саланы дамыту қажеттілігін де, халықтың мүмкіндігін де ескеруміз керек. Станциялар, коммуналдық кәсіпорындар іс жүзінде 3 жылдан астам уақыт бойы табыссыз жұмыс істеп келді, сондықтан жөндеу жұмыстарына қаражат салған жоқ. Қаражат салынса да, ол қарыз алу арқылы немесе мемлекет есебінен жүзеге асырылды. Ал энергия объектілерін жөндеу құны ондаған есеге қымбаттап кетті", - деді Смайылов үкімет отырысында.Металл мен құбырлар, арматура мен электротехникалық бұйымдардың және басқа да жабдықтардың бағасы айтарлықтай өскен. Жалақының төмен болуына байланысты энергетика саласынан білікті мамандар жаппай кете бастады. Ал кәсіпорындар оларға тиімді жұмыс жағдайын ұсына алмады.Ол жаңа тарифтік саясат ашықтық, есептілік және жариялылық принциптеріне негізделетінін атап өтті. Тиісті заңнамалық түзетулер, нормативтік құқықтық актілер қабылданды."Бұрын біз инвестициялық бағдарламаларды және табиғи монополия субъектілерінің тарифтерін түзете алмайтын едік. Енді оған мүмкіндік бар. Тарифтердің өсуі тұрмысы төмен отбасылардың табысына әсер етпейді. Бұл мәселе жан-жақты пысықталды. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мұндай отбасыларға коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін тұрғын үй көмегі берілуде. Ол коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығыстар отбасының ай сайынғы орташа жиынтық табысының 10%-нен асып кеткен жағдайда төленеді", - деп мәлімдеді Смайылов.Премьер бірде-бір өңір жылу беру маусымында апатқа жол бермеуі керек екенін айтты. Әсіресе, бұл құрылыс маусымы қысқа және жылыту маусымы ерте басталатын солтүстік облыстар үшін өзекті. Жөндеу жұмыстары нақты бекітілген кестелерге сәйкес жүргізілуге тиіс."Биыл шамамен 6 мың км инженерлік желілер жөнделеді. Бұл – бірінші кезекте жаңартуды қажет ететін, әбден тозығы жеткен инфрақұрылым объектілері. 25 мың шақырымнан астам қараусыз жатқан коммуналдық желілер монополистерге беріледі. Олар осы желілерді ретке келтіруі керек. Аталған өзгерістердің бәрін азаматтар сезінуге тиіс", - деп атап өтті Смайылов.
https://sputnik.kz/20230712/tarif-osedi-ministr-qazaqstandyqtar-kommunaldyq-qyzmetterge-qansha-toleytinin-aytty-36736084.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0e/32084908_338:0:3067:2047_1920x0_80_0_0_768de42c7986641d122f299f5118d1dc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
коммуналдық қызмет, тарифтер
коммуналдық қызмет, тарифтер
АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов коммуналдық қызметтердің тарифін көтеруден түсетін ақша біреудің қалтасына түспейтінін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Премьер-министр биыл тұрғындар үшін тарифтер 10%-тен 30%-ке дейін өсетінін мәлімдеді. Айтуынша, бұл – барынша ұстамды тариф. Онсыз коммуналдық инфрақұрылымның сапалы жұмысын қамтамасыз ету және оны жаңғырту мүмкін емес.
"Тариф мәселесінде біз барлық жақтың да мүддесін ескеретін тең ортаны таба білуіміз керек. Яғни, саланы дамыту қажеттілігін де, халықтың мүмкіндігін де ескеруміз керек. Станциялар, коммуналдық кәсіпорындар іс жүзінде 3 жылдан астам уақыт бойы табыссыз жұмыс істеп келді, сондықтан жөндеу жұмыстарына қаражат салған жоқ. Қаражат салынса да, ол қарыз алу арқылы немесе мемлекет есебінен жүзеге асырылды. Ал энергия объектілерін жөндеу құны ондаған есеге қымбаттап кетті", - деді Смайылов үкімет отырысында.
Металл мен құбырлар, арматура мен электротехникалық бұйымдардың және басқа да жабдықтардың бағасы айтарлықтай өскен. Жалақының төмен болуына байланысты энергетика саласынан білікті мамандар жаппай кете бастады. Ал кәсіпорындар оларға тиімді жұмыс жағдайын ұсына алмады.
"Бұған қоса, 2021 жылдан бастап Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы пайда болды. Біз электр қуатын ұлғайтуға тиіспіз. Сондықтан тарифтерді өсіру – қажеттілік. Ал "Тарифті инвестицияға айырбастау" қағидатын енгізсек, тарифті өсіруден түсетін пайда біреудің қалтасына кетпей, тікелей өндірісті жаңғыртуға жұмсалатынына сенімді боламыз", - деді үкімет басшысы.
Ол жаңа тарифтік саясат ашықтық, есептілік және жариялылық принциптеріне негізделетінін атап өтті. Тиісті заңнамалық түзетулер, нормативтік құқықтық актілер қабылданды.
"Бұрын біз инвестициялық бағдарламаларды және табиғи монополия субъектілерінің тарифтерін түзете алмайтын едік. Енді оған мүмкіндік бар. Тарифтердің өсуі тұрмысы төмен отбасылардың табысына әсер етпейді. Бұл мәселе жан-жақты пысықталды. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мұндай отбасыларға коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін тұрғын үй көмегі берілуде. Ол коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығыстар отбасының ай сайынғы орташа жиынтық табысының 10%-нен асып кеткен жағдайда төленеді", - деп мәлімдеді Смайылов.
Премьер бірде-бір өңір жылу беру маусымында апатқа жол бермеуі керек екенін айтты. Әсіресе, бұл құрылыс маусымы қысқа және жылыту маусымы ерте басталатын солтүстік облыстар үшін өзекті. Жөндеу жұмыстары нақты бекітілген кестелерге сәйкес жүргізілуге тиіс.
"Биыл шамамен 6 мың км инженерлік желілер жөнделеді. Бұл – бірінші кезекте жаңартуды қажет ететін, әбден тозығы жеткен инфрақұрылым объектілері. 25 мың шақырымнан астам қараусыз жатқан коммуналдық желілер монополистерге беріледі. Олар осы желілерді ретке келтіруі керек. Аталған өзгерістердің бәрін азаматтар сезінуге тиіс", - деп атап өтті Смайылов.