Оралда көлік қаққан ер адам көз жұмды

© Photo : Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментіОрал қаласында 64 жастағы ер адамды көлік қағып кетті
Орал қаласында 64 жастағы ер адамды көлік қағып кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2023
Жазылу
ОРАЛ. 12 шілде – Sputnik. Орал қаласында 64 жастағы ер адамды көлік қағып кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 12 шілде күні шамамен сағат 10.00-де "Омега" зауыты ауданындағы көпірде болған.
"УАЗ" автокөлігін тізгіндеген 1947 жылғы жүргізуші көпірде 64 жастағы ер адамды қағып кетті. Салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды", -деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Көз жұмған адамның "Жайық Таза Қала" ЖШС қызметкері екені белгілі болды.
Атырауда жолаушылар мінген автобус пойызбен соқтығысып қалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2023
Атырауда жолаушылар мінген автобус пойызбен соқтығысты
Жаңалықтар
0