Бейбіт Шүменов төңірегіндегі дау: ІІМ төбелестің мән-жайын айтты

© AP Photo / Eric GayБейбіт Шүменов
Бейбіт Шүменов - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрлігі Астанадағы сауда-ойын сауық орталығында баласымен жүрген ер адамға жұдырық ала жүгірген бұзақы танымал боксшы Бейбіт Шүменов екенін растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
ІІМ басшысының орынбасары Қайрат Сүнтаев балалы ер адамды соққыға жыққан боксшы Бейбіт Шүменов екенін растады.
"Иә, растаймыз. Қазір осы мәселемен айналысып жатырмыз. Бұзақылық бойынша іс қозғалды. Ол жерде қылмыс ауырлығы шамалы, сараптаманы күтіп отырмыз", - деді ол үкімет кулуарында.
Ал осы істі қарап, қылмыс құрамын таппаған учаскелік инспекторға қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр.
"Қызметтік тексеріс басталды, ол қатаң жазаланады. Күні кеше министр осы мәселені көтерді, ол жазаланады", - деп сендірді Сүнтаев.
Министрдің орынбасары төбелес кезінде бала зардап шекпегенін айтты.
"Бірақ жәбірленуші оны (боксшыны) қылмыстық жауапқа тартуды талап етіп отыр", - дейді Сүнтаев.
Айтуынша, оқиға кезінде Шүменов сау болған.
Еске салсақ, желіде кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменовтің қолында баласы бар ер адамды ұрғаны туралы видео тарады. Оқиға Астанадағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде болған.
Astana TV арнасының ақпаратынша, ойын алаңында екі бала келіспей қалады. Содан екеуінің әкесі жанжалдасып, арты төбелеске ұласқан. Оқиға орнына келген полицейлер бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменов пен қала тұрғыны Азизбек Қадыровтың төбелесіп қалғанын анықтаған. Бала ұстап тұрған ер адам жарақат алды, оны сот-медициналық сараптамаға жіберген.
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2023
Боксшы Бейбіт Шүменовтың басы дауға қалды
Жаңалықтар
0