Жолақысын қалтасына басқан: Шымкентте 50 жүргізуші жұмыстан қуылды

© Sputnik / Евгений Самарин / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2023
Жазылу
Шымкенттегі қоғамдық көліктерде "Төлем" жүйесінің енгізілгеніне 3 жылдан асты
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Шымкентте "Төлем" жүйесі енгізілгеннен бері ескертулерге құлақ аспай, жол ақысын қалтасына басқан 50 шақты жүргізуші жұмыстан қуылған, деп хабарлады Otyrar.kz.
Көлік компания басшылары қолма-қол төлем жасағанда жолаушылар чек талап етсе, проблема өздігінен шешілетінін айтады.
Бақытжан Әбдуалиевтің жолаушылар тасымалымен айналысқанына 15 жыл болыпты.
"Кондукторсыз жүйеге үйреніп қалдым. Бастапқыда "Төлем" картасымен төлейтіндер аз болса, қазір жолаушылардың көпшілігі осы жүйеге өткен. Арасында қолма-қол төлем жасайтындар да бар", – дейді №126 бағыттағы автобустың жүргізушісі.
Ал жолаушылар жолақысын қолма-қол ақшаға қарағанда төлем картасы немесе СМС, Кюармен төлеген ыңғайлы дейді.
"№140,149 автобустармен жұмысқа барамын. Каспи арқылы төлеймін. Төлем картасы да жақсы. Кейбір кезде қолма-қол төлем жасаймын,чек талап етпеймін", - дейді Мадина Бабаханқызы.
"Төлем" мекемесіндегілер қолма-қол төлем жасағанда жолаушылар чек талап етсе, ақшаны қолма-қол жинауды әдетке айналдырған көлік жүргізушілеріне тыйым болар еді. Өз тарапымыздан да шара көрудеміз дейді.
"Тасымалдаушы компания басшыларына бірнеше хат жазылып, 50-дей көлік жүргізушісі жұмыстан шығарылды", - деп атап өтті "Төлем" мекемесі директорының орынбасары Ерлан Нұрланұлы.
Төлем жүйесін енгізуге бюджеттен бір де бір тиын жұмсалмаған, бұл кәсіпкерлердің инвестициялық жобасы.
Автобуста жолақысын "Төлем" картасы, СМС, мобильді қосымша арқылы төлесе, 70 теңге төлейді, қолма-қол – 100 теңге.
Жаңалықтар
0