https://sputnik.kz/20230711/zhambyl-oblysynda-zansyz-koshi-qondy-bizneske-aynaldyrgandar-ustaldy-36719052.html
Жамбыл облысында заңсыз көші-қонды бизнеске айналдырғандар ұсталды
Жамбыл облысында заңсыз көші-қонды бизнеске айналдырғандар ұсталды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 11 шілде – Sputnik. Жамбыл облысында заңсыз көші-қонды бизнеске айналдырған Қырғыз және Қазақстан азаматтары ұсталды, деп хабарлайды Жамбыл аудандық... 11.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-11T21:50+0500
2023-07-11T21:50+0500
2023-07-11T21:50+0500
мигранттар
https://sputnik.kz/img/old/943/14/9431444_8:0:1373:768_1920x0_80_0_0_2f50d02ccee14fee06fdf338673dd3ec.jpg
АЛМАТЫ, 11 шілде – Sputnik. Жамбыл облысында заңсыз көші-қонды бизнеске айналдырған Қырғыз және Қазақстан азаматтары ұсталды, деп хабарлайды Жамбыл аудандық прокуратурасы.Жамбыл аудандық прокуратурасының нұсқауымен ауданның полиция бөлімі жеделіздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде заңсыз көші-қон ұйымдастырғандар ұсталды.Заң бұзушылар қызметі үшін қомақты қаражат алған."Мәселен, ресми өткізу пункттерін айналып өтіп, мемлекеттік шекараны кесіп өтуге көмектескені үшін олар Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасының азаматтарынан 300-500 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алған. Алайда шетел азаматтарына өз елінен кетуге тыйым салынған, өйткені олардың дерегрі борышкерлер тізіміне енгізілген", - дейді ведомство.Бұл факті бойынша ҚР ҚК 394-бабының 2-бөлігі "Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру" және 392-бабының 1-бөлігі "ҚР мемлекет шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту" бойынша қылмыстық іс қозғалды."Жамбыл аудандық сотының 26 шілдедегі үкімімен Қырғыз Республикасының азаматы 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, Қазақстан Республикасының аумағына 5 жыл мерзімге дейін кіруіне шектеу қойылды", - деді аудандық прокуратура.Ал Жасөркен ауылының тұрғынына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/943/14/9431444_178:0:1202:768_1920x0_80_0_0_3f43eba0798c25ff5abf24508d772d9f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мигранттар
АЛМАТЫ, 11 шілде – Sputnik. Жамбыл облысында заңсыз көші-қонды бизнеске айналдырған Қырғыз және Қазақстан азаматтары ұсталды, деп хабарлайды Жамбыл аудандық прокуратурасы.
Жамбыл аудандық прокуратурасының нұсқауымен ауданның полиция бөлімі жеделіздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде заңсыз көші-қон ұйымдастырғандар ұсталды.
"Жамбыл ауданында Қазақстан Республикасының 20 жастағы азаматы мен Қырғыз Республикасының 26 жастағы азаматы үшінші тұлғалармен мәмілеге келе отырып, еңбек мигранттарын заңсыз өткізумен айналысқан", - дейді аудандық прокуратура.
Заң бұзушылар қызметі үшін қомақты қаражат алған.
"Мәселен, ресми өткізу пункттерін айналып өтіп, мемлекеттік шекараны кесіп өтуге көмектескені үшін олар Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасының азаматтарынан 300-500 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алған. Алайда шетел азаматтарына өз елінен кетуге тыйым салынған, өйткені олардың дерегрі борышкерлер тізіміне енгізілген", - дейді ведомство.
Бұл факті бойынша ҚР ҚК 394-бабының 2-бөлігі "Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру" және 392-бабының 1-бөлігі "ҚР мемлекет шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Жамбыл аудандық сотының 26 шілдедегі үкімімен Қырғыз Республикасының азаматы 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, Қазақстан Республикасының аумағына 5 жыл мерзімге дейін кіруіне шектеу қойылды", - деді аудандық прокуратура.
Ал Жасөркен ауылының тұрғынына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады.