Қоғам

Теңгеде Ұлттық банк төрағасының қолы қайтадан пайда болады

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2023
Жазылу
Сондай-ақ банкноттарда жалған ақша үшін жауаптылық көзделгені туралы жазба болады
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Қазақстандық банкноттарға Ұлттық банк төрағасының қолы қойылуы мүмкін.
"Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен
монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы" жарлыққа осындай өзгеріс енгізу ұсынылып отыр. Тиісті құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
Атап айтқанда банкноттардың дизайны Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының қолы түріндегі жаңа элементпен толықтырылады.
Сонымен қатар банкноттарда жалған ақша жасағаны үшін жауаптылық көзделгені туралы ескерту пайда болады.
"Мұндай жаңашылдық тұтынушы алдында шығарылған банкноттардың түпнұсқалығына кепілдік беру функциясын күшейту мақсатында енгізіліп отыр. Бұл практика бірқатар елде, атап айтқанда, Еуропалық одақта, сондай-ақ Англияда, АҚШ пен Сингапурда қолданылады", - делінген негіздемеде.
Жарлық жобасы 24 шілдеге дейін қоғам талқысына шығарылды.
Еске салсақ, 2016 жылдан бастап теңгеге Ұлттық банк төрағасының қолы қойылмайды.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2023
Алматыда жалған 10 мың теңгелік банкноттар сатылған
Жаңалықтар
0