Павлодар тұрғындары газ тапшылығына шағымданды

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2023
Жазылу
ПАВЛОДАР, 11 шілде – Sputnik. Облыс орталығындағы жанар-жағармай құю бекеттерінде газ таусылып қалған, деп шағымданды жүргізушілержергілікті пабликтердіңбірінде.
"Павлодарда газ неге тапшы? Не себепті қаладағы барлық жанар-жағармай құю бекетінде жоқ? Бар болса да, тек талон арқылы сатылып жатыр, ал ондай талон еш жерде жоқ", - деп жазды желі қолданушыларының бірі.
Облыс әкімдігі Sputnik Қазақстанға бүгінде Павлодар облысында сұйытылған мұнай газының қоры бар екенін хабарлады.
"Жанармай құю бекеттерінің көбісі қалыпты жұмыс істеп тұр. Дегенмен облыстағы кейбір жанармай құю бекеттері газды талонмен сата бастады", - делінген жауапта.
Газ тапшылығына Павлодар мұнай-химия зауытында жөндеу жұмыстарының жүргізілуі себеп болған.
Сондықтан газ желісі ұйымдары отынды "Ақтөбемұнайгаз СНПС" АҚ-дан алады.
"Бүгінгі таңда облысқа "Ақтөбемұнайгаз СНПС" АҚ-дан 4 вагон – 146 тонна келді, бүгін жанармай құю стансаларына жөнелту басталды. Тағы 9 вагон немесе 324 тонна жолда келе жатыр, осы аптада жетеді", - делінген хабарламада.
Павлодар мұнай-химия зауытында жанар-жағармай өндірісін 2023 жылдың 17 шілдесінен бастап қалпына келтіру жоспарланып отыр.
Бүгінде облыста 6,5 мың тонна АИ 92, 0,9 мың тонна АИ 95, 19,3 мың тонна дизель отыны бар.
Жаңалықтар
0