https://sputnik.kz/20230711/musin-astanada-arzan-tarif-internettin-sapasyna-keri-aser-etip-zhatqanyn-malimdedi-36724597.html
Мусин Астанада арзан тариф интернеттің сапасына кері әсер етіп жатқанын мәлімдеді
Мусин Астанада арзан тариф интернеттің сапасына кері әсер етіп жатқанын мәлімдеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Бағдат Мусин Астанадағы мобильді инетернеттің сапасына қатысты екі проблеманы... 11.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-11T17:28+0500
2023-07-11T17:28+0500
2023-07-11T17:28+0500
интернет
https://sputnik.kz/img/07e7/04/19/34264967_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_0574bd47a70e01ecc35850f3589789bc.jpg
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Бағдат Мусин Астанадағы мобильді инетернеттің сапасына қатысты екі проблеманы жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бүгін Астананы дамыту мәселелеріне арналған кеңесте президент қалада сапалы инетернет қашан болатынын сұрады.Министр Мусиннің айтуынша, бүгінде 64 жерде байланыс мүлдем жоқ. Себебі маңайдағы үйдің тұрғындары базалық станцияларды шатырға орнатуға қарсы.Министрдің айтуынша, бүгінде үйдің бір тұрғыны базалық станцияға қарсы болса да, оны алып тастау қажет. Соның салдарынан жыл сайын 150 станцияны бұзуға тура келеді. Ал заңға енгізілетін өзгеріске сәйкес, тұрғындардың 50 проценті қарсы болуы керек. Сонда ғана базалық станцияны алып тастайды."Екінші проблема – арзан тариф. Тұтынушылар интернетте көп отырады. Содан желіге түсетін жүктеме артады. Шетелде, мәселен, АҚШ-та немесе Еуропада адамдар бір видеоны ашпас бұрын ол видео керек пе, жоқ па, ойланып алады, себебі мегабайт кетеді, ақша жұмсалады", - деп түсіндірді Мусин.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/19/34264967_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_9418f190d83abb07bd3065552eb33ab2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
интернет
Мусин Астанада арзан тариф интернеттің сапасына кері әсер етіп жатқанын мәлімдеді
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Бағдат Мусин Астанадағы мобильді инетернеттің сапасына қатысты екі проблеманы жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Бүгін Астананы дамыту мәселелеріне арналған кеңесте президент қалада сапалы инетернет қашан болатынын сұрады.
Министр Мусиннің айтуынша, бүгінде 64 жерде байланыс мүлдем жоқ. Себебі маңайдағы үйдің тұрғындары базалық станцияларды шатырға орнатуға қарсы.
"Сол 67 локацияда радиофобтар тұрады. Олар шатырдағы базалық станциядан қорқады. Жаңағы 67 тұрғын үйде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бүгінде 39 үй базалық станцияны орнатуға келісті. Бесеуінде орнатылды, алтауында тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Қалғаны келісімшарт жасауға кірісті. Ал 28 тұрғын үй әлі де қарсы. Енді осы мәселені заңды тұрғыда реттеуге мәжбүрміз", - деді Мусин.
Министрдің айтуынша, бүгінде үйдің бір тұрғыны базалық станцияға қарсы болса да, оны алып тастау қажет. Соның салдарынан жыл сайын 150 станцияны бұзуға тура келеді. Ал заңға енгізілетін өзгеріске сәйкес, тұрғындардың 50 проценті қарсы болуы керек. Сонда ғана базалық станцияны алып тастайды.
"Екінші проблема – арзан тариф. Тұтынушылар интернетте көп отырады. Содан желіге түсетін жүктеме артады. Шетелде, мәселен, АҚШ-та немесе Еуропада адамдар бір видеоны ашпас бұрын ол видео керек пе, жоқ па, ойланып алады, себебі мегабайт кетеді, ақша жұмсалады", - деп түсіндірді Мусин.