https://sputnik.kz/20230711/astanadagy-sportty-damytu-direktsiyasynyn-basshysy-qamauga-alyndy-36696535.html
Астанада спортты дамыту дирекциясының басшысы қамауға алынды
Астанада спортты дамыту дирекциясының басшысы қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Астана қаласы әкімдігінің "Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясының" лауазымды тұлғалары бюджет қаражатын... 11.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-11T09:06+0500
2023-07-11T09:06+0500
2023-08-09T15:56+0500
пара
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23932517_0:262:2730:1798_1920x0_80_0_0_d3ae2efa1f0d4b7d5b62c4e68e271691.jpg
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Астана қаласы әкімдігінің "Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясының" лауазымды тұлғалары бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.Агенттіктің мәліметінше, аталған факті бойынша агенттіктің елордалық департаменті тергеу жүргізіп жатыр.Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2020-2023 жылдар аралығында шетелде де, республика ішінде де оқу-жаттығулар мен жарыстарға бөлінген іс-сапар шығындарын асыра көрсету арқылы ақша жымқырылған.Іс жүзінде жұмсалған ақшадан қалған қаражатты дирекцияның басшылығы алып отырған.Заңсыз әрекеттерден мемлекетке 70 млн теңге шығын келтірілген.Сонымен қатар, мекеме басшысы оқу-жаттығу жиындарын қаржыландыру мәселесі бойынша оң шешім қабылдағаны үшін жаттықтырушыдан 4 млн теңге көлемінде пара алғаны анықталды.Дирекция бастығы қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23932517_0:0:2730:2048_1920x0_80_0_0_310b4f746d28d1d5eba3d3b333d67a91.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пара
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Астана қаласы әкімдігінің "Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясының" лауазымды тұлғалары бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.
Агенттіктің мәліметінше, аталған факті бойынша агенттіктің елордалық департаменті тергеу жүргізіп жатыр.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2020-2023 жылдар аралығында шетелде де, республика ішінде де оқу-жаттығулар мен жарыстарға бөлінген іс-сапар шығындарын асыра көрсету арқылы ақша жымқырылған.
Іс жүзінде жұмсалған ақшадан қалған қаражатты дирекцияның басшылығы алып отырған.
Заңсыз әрекеттерден мемлекетке 70 млн теңге шығын келтірілген.
Сонымен қатар, мекеме басшысы оқу-жаттығу жиындарын қаржыландыру мәселесі бойынша оң шешім қабылдағаны үшін жаттықтырушыдан 4 млн теңге көлемінде пара алғаны анықталды.
Дирекция бастығы қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.