Смайылов пен Мишустин "Иннопром-2023" көрмесін тамашалады

Смаилов и Мишустин осмотрели выставку "Иннопром-2023"
Смаилов и Мишустин осмотрели выставку Иннопром-2023 - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Үш елдің – Қазақстан, Ресей және Беларусь премьер-министрлері Екатеринбургте өтіп жатқан "Иннопром-2023" көрмесін тамашалады.
Әлихан Смайылов, Михаил Мишустин және Роман Головченко Ресей – Қытай ЭКСПО көрмесінің экспозициясымен танысты, деп хабарлады Ресей үкіметінің баспасөз қызметі.
Экспозиция екі сақина түрінде жасалған Ресей – Қытай ЭКСПО көрмесінің басты символымен басталады. Сақиналар екі елдің тығыз ынтымақтастығын білдіреді.
Ресей, Қазақстан және Беларусь үкіметтерінің басшылары Changan Automobile компаниясының өнімдерімен, атап айтқанда, AVATR II электр кроссоверімен, UNI-T спорттық кроссоверімен және UNI-V спорттық лифтбекпен танысты.
Dongfeng Motor Corporation компаниясы делегация басшыларына VOYAH FREE электр кроссоверін және VOYAH PASSION толық электрлік седанын таныстырды. Ұйым автомобильдер шығарылатын Липецк кәсіпорындарымен ынтымақтастық орнатқан. Батареялар және басқа элементтердің өндірісі Ресейде шоғырланған.
Премьер-министрлер сондай-ақ білдек жасау, өнеркәсіп өндіріс және ғылыми-техникалық жетістіктер саласындағы жаңашылдықтармен танысты.
Выступление Мишустина на стратегической сессии ИННОПРОМ-2023 - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2023
РФ, Қазақстан, Беларусь премьерлері ИННОПРОМ-2023 сессиясына қатысып жатыр – тікелей эфир
Жаңалықтар
0