Экономика

Қазақстанда 9 банк таратылу сатысында тұр

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Қазақстанда тоғыз банк таратылу процесінде тұр. Бұл туралы "Ашық НҚА" порталында жарияланған "Кейбір заңнамалық актілерге қаржы ұйымдарының қызметін реттеу және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжатында айтылған.
"Қазіргі уақытта Қазақстан нарығында екінші деңгейлі 21 банк жұмыс істейді. Бұл ретте 9 банк бойынша тарату процесі жүріп жатыр", - делінген құжатта.
Sputnik Қазақстан Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен таратылғалы жатқан 9 банктің атауын білді.
Олар:
Валют-транзит банк (26.12.2006 ж. лицензиясы қайтарылған, тарату 01.03.2007 ж. басталды)
Қазинвестбанк (27.12.2016 ж. лицензиясы қайтарылған, тарату 24.01.2018 ж бері)
Delta Bank (03.11.2017 ж. лицензиясы қайтарылған, тарату 25.04.2018 ж. бері)
Эксимбанк Қазақстан (28.08.2018 ж. лицензиясы қайтарылған, тарату 16.01.2019 ж. бері)
Астана банкі (19.09.2018 ж. лицензиясы қайтарылған, тарату 09.01.2019 ж. бері)
Qazaq Banki (28.08.2018 ж. лизенциясы қайтарылған, тарату 12.12.2018 ж. бері)
Tengri Bank (18.09.2020 ж. лицензиясы қайтарылған, тарату 15.02.2021 ж. бері)
AsiaCredit Bank (12.02.2021 ж. лицензиясы қайтарылған, тарату 22.07.2021 ж.бері)
CapitalBank Kazakhstan (25.06.2021 ж. лицензиясы қайтарылған, тарату 05.10.2021 ж. бері).
Құжатта, сондай-ақ әрекеті не әрекетсіздігі қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға немесе оны банкрот деп тануға әкеп соққан тұлғаларды есепке алу және бақылау ұсынылып отыр. Осылайша агенттік олардың өзге қаржы ұйымдарында басшылық лауазымға орналасуына жол бермейді.
Жаңалықтар
0