https://sputnik.kz/20230710/ozenmunaygazdyn-qarzhylyq-zhagdayy-turaly-ulttyq-kompaniya-malimdeme-zhasady-36691890.html
"Өзенмұнайгаздың" қаржылық жағдайы туралы ұлттық компания мәлімдеме жасады
"Өзенмұнайгаздың" қаржылық жағдайы туралы ұлттық компания мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 шілде — Sputnik. "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясы "Өзенмұнайгаз" акционерлік қоғамының қаржылық жағдайы туралы мәлімдеме жасады. 10.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-10T19:18+0500
2023-07-10T19:18+0500
2023-07-10T19:18+0500
қазмұнайгаз
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0a/15434379_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_39ab4659e57fbb1d2e08cf834d3d18b2.jpg
АСТАНА, 10 шілде — Sputnik. "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясы "Өзенмұнайгаз" акционерлік қоғамының қаржылық жағдайы туралы мәлімдеме жасады.Крмпанияның мәліметінше, "Өзенмұнайгаз" АҚ-ның шикізат сатудан түсетін жыл сайынғы табысы 2 триллион теңгені құрайтыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.Компания сондай-ақ өткен жылғы шығындарға да тоқталып өтті.2022 жылы "Өзенмұнайгаз" АҚ ұңғымаларды бұрғылауға 93 млрд теңге немесе жалпы шығынның шамамен 10%-ін жұмсады. Ал ұңғымаларды жөндеуге 14 млрд теңге немесе жалпы шығынның шамамен 1%-і кеткен.Сорғы-компрессорлық құбырларды сатып алуға 21 млрд теңге немесе жалпы шығынның шамамен 2%-і жұмсалған.2023 жылғы көрсеткіштерге келер болсақ, 4 айдың қорытындысы бойынша компанияның таза пайдасы 14 млрд теңге болды."Бұл нәтижеге қарамастан, ұңғымалар қоры мен арнайы техника паркін, жерасты жабдықтарды жаңартуға бағытталған өзге де инвестициялық шығындарды ескергенде, таза қаржы көрсеткіші 40 млрд теңге төмен деңгейде қалыптасты. Құйылған инвестициялар нәтижесін компания алдағы уақытта көреді деп күтілуде", - делінген хабарламада.
https://sputnik.kz/20230626/ozenmunaygaz-bas-direktorynyn-eks-orynbasary-ustaldy-36346902.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0a/15434379_210:0:2941:2048_1920x0_80_0_0_0bb2e9843f1c59f6aea6ed7c7827c6e4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазмұнайгаз
АСТАНА, 10 шілде — Sputnik. "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясы "Өзенмұнайгаз" акционерлік қоғамының қаржылық жағдайы туралы мәлімдеме жасады.
Крмпанияның мәліметінше, "Өзенмұнайгаз" АҚ-ның шикізат сатудан түсетін жыл сайынғы табысы 2 триллион теңгені құрайтыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.
"Энергия ресурстарының бағасын, ішкі нарыққа жеткізілетін өнім үлесін (жанар-жағармай бағасын тұрақты ұстап тұру мақсатында) және өндіру көлемін қоса алғанда, компанияның жылдық табысы 1 триллион теңгеден аспайды. Мысалы, 2020 жылы мұнай саудасынан 477 млрд теңге қаржы түсті, ал 2022 жылы бұл сома 901 млрд теңгеге жетті", - делінген мәлімдемеде.
Компания сондай-ақ өткен жылғы шығындарға да тоқталып өтті.
2022 жылы "Өзенмұнайгаз" АҚ ұңғымаларды бұрғылауға 93 млрд теңге немесе жалпы шығынның шамамен 10%-ін жұмсады. Ал ұңғымаларды жөндеуге 14 млрд теңге немесе жалпы шығынның шамамен 1%-і кеткен.
Сорғы-компрессорлық құбырларды сатып алуға 21 млрд теңге немесе жалпы шығынның шамамен 2%-і жұмсалған.
2023 жылғы көрсеткіштерге келер болсақ, 4 айдың қорытындысы бойынша компанияның таза пайдасы 14 млрд теңге болды.
"Бұл нәтижеге қарамастан, ұңғымалар қоры мен арнайы техника паркін, жерасты жабдықтарды жаңартуға бағытталған өзге де инвестициялық шығындарды ескергенде, таза қаржы көрсеткіші 40 млрд теңге төмен деңгейде қалыптасты. Құйылған инвестициялар нәтижесін компания алдағы уақытта көреді деп күтілуде", - делінген хабарламада.