Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Киевті НАТО-ға қабылдау: альянс тығырыққа тірелді

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2023
Жазылу
Киевті Украинаға қабылдау бойынша операцияның тым ұзаққа созылғаны соншалық, бұл мәселе ақпарат кеңістігінде өзектілігі бәсеңдеген мәселеге айналды, деп жазды РИА Новости.
Қазіргі шынайылық Украинаны НАТО-ға қабылдауға арнайы әскери операция да ықпал ете алмай отырғанын көрсетіп тұр. Орындаушылардың аты-жөні өзгергенімен, бұл мақсат қол жеткізбейтін түрі бар.
Үндеулер де, қысымдар да көмектеспей жатыр. Бундестагтағылар Украинаны Солтүстікатлантикалық альянсқа "бөлшектеп" қабылдауды ұсынды. Яғни, дайын болу деңгейіне қарай.
Украинаға миллиардтаған доллар қаражат жұмсағанын ескерсек, бұл альянс үшін тиімді емес. Сонымен қатар, Вильнюстегі саммитте Швеция да НАТО-ға кірмейтіні белгілі болды.
Альянсқа мүше мемлекет пен үкімет басшыларының кездесуі осы мәселені талқылаудан басталады. Сондықтан қызу пікірталас жүруі ықтимал.
РИА Новости жазғандай, құрылғаннан бері НАТО-ның негізгі мақсаты Ресейді жою болатын. КСРО болған кезде де, Ресей Федерациясы болған кезде де. 1991 жылдан кейін оны жоюдың қажеттілігі болмай, тек бақылауда ұстау жеткілікті болды.
Ресей - НАТО кеңесінің құрылуы да дәл осы тұрақты бақылауды көздеді. Яғни, ресейлік армия бюджеті мен жалпы бюджетті бақылау және натолықтардың ресейлік әскери базаларға түрлі инспекция жүргізуі. Ал Ресей өркениетті елдер одағына қабылдауда ізгі ниет бар деп сенді.
1999 жылдың басына қарай бұл сенім сейіле бастады. Сол кезде Ресей билігі өзінің ұлттық мүддесі үшін өз қаражатына әскери құрылыспен айналыса бастады.
Бұл Брюссель мен Вашингтонға ұнамады. Олар Грузияны қолдану арқылы Ресейді оңтүстіктен қыспаққа алуға тырысты. Алайда бұл жоспары іске аспады.
"Бұл өркениетті әлем Ресейді жете бағаламағанын және оның саяси-экономикалық күшін мойындағысы келмеді. Сондықтан Грузиядағы сәтсіздіктен кейін алты жыл өткен соң Украинаны қолданды", - деп жазылған материалда.
Бірақ бұл жолы да жоспары сәтсіздікке ұшырады. Батыстағылар Украинадағы арнайы әскери операция және соған байланысты енгізілген санкциялар Ресейді әлемнен оқшаулап, ең бірінші кезекте экономикасын құлдыратады деп сенді. Бірақ ресейлік экономика шектеулерден кейін жоғары қарқынмен дамуға бет алды.
Қазір НАТО қару-жарақ өндірісін тез арада арттыру қажеттілігін айтып жатқан шақта Ресейдің бейіндік өнеркәсібі арнайы әскери операция жоспарына сәйкес және қажетті деңгейде жұмыс істеп жатыр.
Жалпы Украина да дәл осылай әрекет ете алар еді. Ол үшін Украинада кез келген индустрияның кез келген қажеттілігін кез келген көлемде қанағаттандыра алатын ресурсы, өнеркәсібі, энергетикасы болды.
Бірақ Украина өз дамуы және Ресеймен тату көршіліктің орнына "еуропалық" нақты мақсатты таңдады. Уақыт өте келе бұл мақсаттың орындалуы екіталай екені айқындалды. Себебі жиырма жылдан кейін Еуропа қауымдастығына мүше бола алса да, НАТО құрамына кіруі үлкен күмән тудырады. Сондықтан күні ертең болатын НАТО саммитінде кезекті рет Ресейге қатысты пікірлер талқыланады.
Жаңалықтар
0