https://sputnik.kz/20230710/grantqa-otinish-qashan-qabyldanady-36651451.html
Грантқа өтініш қашан қабылданады
Грантқа өтініш қашан қабылданады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Биыл грант конкурсына қатысу үшін өтініш 13-20 шілде аралығында қабылданады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім вице-министрі... 10.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-10T13:18+0500
2023-07-10T13:18+0500
2023-08-09T09:49+0500
білім гранттары
https://sputnik.kz/img/745/46/7454627_0:317:6017:3701_1920x0_80_0_0_1345f506cf6b1ecd83d755852acda489.jpg
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Биыл грант конкурсына қатысу үшін өтініш 13-20 шілде аралығында қабылданады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, грантқа өтініш қабылдау осы аптада басталады. Талапкерлер еGov порталы, университеттің өзіне бару және ЖОО-ның виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы құжат тапсыра алады."Биыл грант конкурсына қатысу үшін өтініш қабылдау науқаны 13-20 шілде аралығында жүргізіледі. Алыс аймақтарда тұратын талапкерлерге ыңғайлы болу үшін биыл еGov электронды үкімет порталы арқылы онлайн өтініш қабылдаймыз. Сонымен қатар құжаттарын дәстүрлі форматта, яғни офлайн тапсырғысы келетіндер университетке келе алады, онда қабылдау комиссиялары жұмыс істейді. Бұған қоса, университеттердің виртиуалды қабылдау комиссиялары да жұмыс істейді", - деді Ерғалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.Ол биыл бакалавриатқа 73 мың грант бөлінгенін атап өтті. Барлық гранттың 60%-ы техникалық мамандықтарға бөлінген.Сондай-ақ халық тығыз қоныстанған батыс және жаңадан құрылған өңірлердің жастары үшін арнайы гранттар қарастырылып отыр:Бұл гранттар педагогикалық, инженерлік, IT мамандықтарға және жаратылыстану ғылымдарына бөлінген.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/745/46/7454627_330:0:5685:4016_1920x0_80_0_0_d970f06bb7828db72a07c1df293fe334.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
білім гранттары
Грантқа өтініш қашан қабылданады
13:18 10.07.2023 (жаңартылды: 09:49 09.08.2023) АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Биыл грант конкурсына қатысу үшін өтініш 13-20 шілде аралығында қабылданады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, грантқа өтініш қабылдау осы аптада басталады. Талапкерлер еGov порталы, университеттің өзіне бару және ЖОО-ның виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы құжат тапсыра алады.
"Биыл грант конкурсына қатысу үшін өтініш қабылдау науқаны 13-20 шілде аралығында жүргізіледі. Алыс аймақтарда тұратын талапкерлерге ыңғайлы болу үшін биыл еGov электронды үкімет порталы арқылы онлайн өтініш қабылдаймыз. Сонымен қатар құжаттарын дәстүрлі форматта, яғни офлайн тапсырғысы келетіндер университетке келе алады, онда қабылдау комиссиялары жұмыс істейді. Бұған қоса, университеттердің виртиуалды қабылдау комиссиялары да жұмыс істейді", - деді Ерғалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Ол биыл бакалавриатқа 73 мың грант бөлінгенін атап өтті. Барлық гранттың 60%-ы техникалық мамандықтарға бөлінген.
Сондай-ақ халық тығыз қоныстанған батыс және жаңадан құрылған өңірлердің жастары үшін арнайы гранттар қарастырылып отыр:
Бұл гранттар педагогикалық, инженерлік, IT мамандықтарға және жаратылыстану ғылымдарына бөлінген.