Елорда күні 1000 сәби дүниеге келді

© Photo : PexelsАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Елорда күні Қазақстанда 1000 бала дүниеге келді, оның 505-і қыз және 495-і ұл, оның ішінде 8 жұп егіз, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
Жаңа туған нәрестелердің саны бойынша Түркістан облысы рекордқа ие болды, онда тәулігіне 146 сәби өмірге келді. Бала туу бойынша екінші орында - Алматы, мұнда 91 бала дүние есігін ашты, ал Алматы облысы мен Шымкент қаласының әрқайсында 76 сәбидің туған күні аталып өтті.
Бұл күні Ақтөбе облысы егіздер арасында көшбасшы болды, мұнда бірден екі егіз дүниеге келді.
Жители столицы на прогулке в парке - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2023
Елорда халқының саны 2030 жылға қарай 2 миллионға жетеді деген болжам бар – президент
Жаңалықтар
0