Атыраудың жаңа әкімі тағайындалды

© SputnikПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Атырау қаласының әкімі болып Шәкір Кейкін тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық әкімдікке сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, облыс әкімі Серік Шәпкеновтің өкімімен Атырау қаласының әкімі лауазымына Шәкір Кейкінұлы Кейкін тағайындалды. Президент әкімшілігі өз келісімін берді.
Шәкір Кейкін 1970 жылы Атырау облысындағы Жылыой ауданында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ политехникалық институтын "тау-кен инженері" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы Құлсары қаласында "Теңізмұнайкомплект" ЖШС-інде коммерциялық бөлімнің брокері қызметінен бастады.
1999-2001 жылдары – "РАМАКО" ЖШС-інде директордың коммерция жөніндегі орынбасары;
2001-2008 жылдар аралығында "Казстройсервис ЛТД" ЖШС директоры;
Ал 2008 жылдың соңында мемлекеттік қызметке ауысып, Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.
2008-2009 жылдары – Жылыой ауданы Құлсары қаласы әкімінің орынбасары;
2009-2018 жылдары – Жылыой ауданы Құлсары қаласының әкімі;
2018-2019 жылдар – Атырау қаласы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы;
2019 жылы жеті айдай Атырау қаласы әкімінің орынбасары болды. Сол жылы Мақат ауданының әкімі лауазымына тағайындалды. Осы қызметті екі жыл атқарды.
2023 жылдан бастап сауда және интеграция министрлігінің сауда департаментінің басшысы болды.
Жаңалықтар
0