https://sputnik.kz/20230709/uimbldon-elena-rybakina-tortinshi-aynalymga-shyqty-36632941.html
Уимблдон: Елена Рыбакина төртінші айналымға шықты
Уимблдон: Елена Рыбакина төртінші айналымға шықты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 09.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-09T08:48+0500
2023-07-09T08:48+0500
2023-07-09T08:48+0500
елена рыбакина
теннис
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0e/33945694_1:0:3642:2048_1920x0_80_0_0_6b78afbb4e28d1cf14e3aa7fa622a823.jpg
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Лондонда өткен жылғы атағын қорғап жатқан қазақстандық теннисші үшінші айналымда Ұлыбританияның бірінші, әлемнің 89-ракеткасы Кэти Бултермен шеберлік байқасты.Бұл қос спортшының алғашқы кездесуі еді. К.Бултер өз елінде өнер көрсетіп жатқандықтан, барын салатыны әрі жергілікті жанкүйерлердің оны жақтайтыны түсінікті болатын.Лондонда тағы да жаңбыр жауғандықтан, орталық корттағы матчтың өзі уақытынан әлдеқайда кешігіп басталды.Бірінші партияда брейк жасаған Елена 3:1 есебімен алға кетті. Тағы бір брейк – 5:1. Сосын өз геймін қиналмай алды – 6:1.Рыбакина екінші сетті де брейкпен бастады – 2:0. Ақыры матчты кезекті брейкпен тәмамдады – 6:1.Бір сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 7 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды.Елена Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 13-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен таласады.Е.Рыбакина үшін бразилиялық теннисші өте қолайсыз қарсылас. Биыл Әбу-Дабиде Беатрис 3:6, 6:3, 6:2 есебімен басым түсті. Сондай-ақ Штутгартта 6:1, 3:1 есебімен басым тұрғанда, Рыбакина бәсекені жалғастырудан бас тартты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0e/33945694_477:0:3208:2048_1920x0_80_0_0_9821c089b22a74ee005a21c9346802e7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
елена рыбакина, теннис
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Лондонда өткен жылғы атағын қорғап жатқан қазақстандық теннисші үшінші айналымда Ұлыбританияның бірінші, әлемнің 89-ракеткасы Кэти Бултермен шеберлік байқасты.
Бұл қос спортшының алғашқы кездесуі еді. К.Бултер өз елінде өнер көрсетіп жатқандықтан, барын салатыны әрі жергілікті жанкүйерлердің оны жақтайтыны түсінікті болатын.
Лондонда тағы да жаңбыр жауғандықтан, орталық корттағы матчтың өзі уақытынан әлдеқайда кешігіп басталды.
Бірінші партияда брейк жасаған Елена 3:1 есебімен алға кетті. Тағы бір брейк – 5:1. Сосын өз геймін қиналмай алды – 6:1.
Рыбакина екінші сетті де брейкпен бастады – 2:0. Ақыры матчты кезекті брейкпен тәмамдады – 6:1.
Бір сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 7 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды.
Елена Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 13-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен таласады.
Е.Рыбакина үшін бразилиялық теннисші өте қолайсыз қарсылас. Биыл Әбу-Дабиде Беатрис 3:6, 6:3, 6:2 есебімен басым түсті. Сондай-ақ Штутгартта 6:1, 3:1 есебімен басым тұрғанда, Рыбакина бәсекені жалғастырудан бас тартты.