Түркістан облысында ер адам жасөспірімді атып алды

© Photo : nikolabelopitovРужье, иллюстративное фото
Ружье, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 9 шілде - Sputnik. Түркістан облысы Қазығұрт ауданында ер адамның құстарға атқан оғы жасөспірімге тиді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қайғылы оқиға 8 шілдеде күні кешке Қазығұрт ауданындағы ЖШС-нің бірінің егіс алқабында болған.
"Серіктестіктің жүзім бағында құстарды ату үшін жалданған ер адамның атқан оғы байқаусызда жасөспірімнің басына тиген. Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігі "Абайсызда қазаға ұшырату" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - дейді ведомство.
Оқиға орнына Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің басшылығы, аудан прокуроры мен жедел-тергеу тобы бірден келген.
"Күдіктіден 12 калибрлі аңшы мылтығы алынды. Сараптама жасалып жатыр. Ол Сарыағаш ауданының тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр", - дейді полиция.
Жаңалықтар
0