Қостанай облысының жанармай құю бекеттерінде газ тапшы

© Sputnik / Тимур БатыршинГазозаправочная станция, архивное фото
Газозаправочная станция, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 9 шілде - Sputnik. Қостанай облысында жанар май құю бекеттерінде газ жетіспей жатыр, деп хабарлайды "Наша газета" порталы.
Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және ТКШ басқармасында жанармай құю бекеттеріндегі газ тапшылығы туралы түсініктеме берілді.
"Әзірге автогаз бекеттерінде маусымдық газдың қалдығы бар. Ал жаңадан жеткізілетін газды күтуге тура келеді", - дейді ведомство.
Тұрғындардың айтуынша, Қостанайдағы газдың құны литріне 76 теңгеден сатылып жатыр.
"Биылғы жылдың 3-тоқсанына 11 735 тонна сұйытылған мұнай газы бөлінді, оның ішінде шілдеге - 3 616 тонна, тамызға - 4 429 тонна, қыркүйекке - 3 690 тонна. Шілдеде газ көлемі жөнелтілді және жолда - 16 цистерна немесе 576 тонна газ келе жатыр. 7 шілдедегі жағдай бойынша 432 тонна жеткізілді, Облыстың автогаз бекеттерінде газды түсіру және жеткізу жұмыстары басталды", - дейді энергетика және ТКШ басқармасы.
Ведомствоның айтуынша, 8 шілдеден бастап қолма-қол ақшамен сату басталды және тек талондар бойынша газ сатып алу тоқтатылды.
Шенеуніктер тағы 144 тонна газ жақын арада жеткіземіз деп уәде беріп отыр. Ал шілдеде газдың қосымша көлемін бөлу мәселесін пысықтап жатқанын айтты.
Жаңалықтар
0