Отбасы банк "Жас отбасы" бағдарламасының шартын түсіндірді

© Photo : Акимат Жетысуской областиАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Отбасы банк әлеуметтік желідегі парақшасында "Жас отбасы" тұрғын үй бағдарламасының шартын түсіндірді.
Неке қию мерзімі 5 жылдан аспайтын және бастапқы жарнаны кемінде бір жыл жинақтаған жас отбасыларға ипотека тек жылдық 6%-бен беріледі. Бұл алғашқы екі жылдағы ставканың мөлшері ғана, содан кейін несие мөлшерлемесі 5% (ЖТСМ - 5,1%) дейін төмендейді.

Бағдарламаға қатысу үшін ерлі-зайыптының бірі немесе екеуі де отбасы банкте "Жас отбасы" депозитін ашып, бір жыл ішінде сатып алынатын пәтер құнының 50% жинақтап, 5 бағалау көрсеткішіне (ОП 5) жетуге тиіс.
Қаражатты жинақтау кезінде депозитке жылдық 2% (ЖТСМ 14%) мөлшерінде банктік сыйақы және 20% мөлшерінде (200 АЕК-тен аспайтын сомаға) мемлекеттің жыл сайынғы сыйлықақысы түседі.

Ерлі-зайыпты әрқайсысы өз атына депозит ашып, кейіннен шоттарды "Отбасылық пакетке" біріктіріп, екі есе көп мемлекет сыйлықақыларын ала алады.
Бағдарлама шарттарына сәйкес, жас отбасылар жаңа үйлерден де, қолданыстағы үйлерден де пәтер ала алады. Немесе жер сатып алып, үй салады. Оларға 6 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге қарыз беріледі.

"Жас отбасы" депозитін банк кеңесшілері арқылы да, www.otbasybank.kz сайтындағы бейне банкинг қызметі арқылы да ашуға болады. Ол үшін жеке куәлік және неке туралы куәлік болуы керек.
Жаңалықтар
0