Елорда тынысы

Елордада 330-дан астам үлескер отбасы баспаналы болды

CC0 / / Архивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Астанада құрылысы ұзаққа созылған кезекті тұрғын үй кешені пайдалануға берілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Жылдар бойы құрылысы тоқтап тұрған нысанды аяқтадық. "Тұран Сығанақ" тұрғын үй кешенінің құрылысы сонау 2014 жылы басталған. Үлескерлер 9 жылдан кейін барып баспанасының кілтін алды", - деп мәлімдеді қала әкімі Жеңіс Қасымбек.
Нысан қабылданған кезде кейбір блоктарының құрылысы тіпті басталмаған. Үлкен жүйелі жұмыс жүргізілді.
"Елорда күні қарсаңында 330-дан астам үлескер отбасының проблемасын шештік! Мұнда "Тұран Сығанақ" тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан бөлек құрылысы ұзаққа созылған өзге де нысандардың үлескерлері баспаналы болды", - деп бөлісті қуанышты жаңалықты қала басшысы.
Астана әкімдігі биыл құрылысы ұзаққа созылған 30-дан астам тұрғын үй кешенін аяқтауды жоспарлап отыр. Осылайша, 4 мыңға жуық үлескер отбасы баспаналы болмақ.
Қазақстан барысы атанған Ғалымжан Қырықбайға пәтер кілті табысталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2023
Қоғам
"Қазақстан барысы" атанған Ғалымжан Қырықбайға пәтер кілті табысталды
Жаңалықтар
0