https://sputnik.kz/20230707/almaty-oblysy-sel-tasqyny-zhol-36610193.html
Алматы облысында жолды сел шайып кетті
Алматы облысында жолды сел шайып кетті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Алматы облысында саз аралас сел тасқыны 300 метр жолды шайып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 07.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-07T12:04+0500
2023-07-07T12:04+0500
2023-07-07T12:44+0500
өңірлер
алматы облысы
сел
https://sputnik.kz/img/07e6/05/0f/24822050_0:0:1600:900_1920x0_80_0_0_0a8371fc3346e8d448de81fbbee095ca.jpg
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Алматы облысында саз аралас сел тасқыны 300 метр жолды шайып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Тау жақта толассыз жауған жаңбыр мен бұршақтың салдарынан сел жүрді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, сел тасқыны Саты Сай шатқалынан түсті. Соның салдарынан Кеген ауданындағы Саты ауылына жақын жолдар бұзылды.Саз аралас су ағыны Ұлтарақ орталық көшесінің бойымен өтті. Ал арық жүйесі су ағынын өткізіп үлгере алмады, соның салдарынан көшелерді су басты."Қайтыс болғандар, зардап шеккендер мен қирандылар жоқ. Тұрғын үйлерді су баспады. Жолды қалпына келтіру жұмыстары комиссияның тексерісінен кейін басталады", - делінген ресми хабарламада.Кеше сағат 20.00-де жауын-шашын тоқтап, су деңгейі төмендеді. Оқиға орнына Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті, "Қазселденқорғау" ММ күштері мен құралдары барды.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/0f/24822050_200:0:1400:900_1920x0_80_0_0_f819baf1fbb2d3e054406e79834f5fab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, сел
Алматы облысында жолды сел шайып кетті
12:04 07.07.2023 (жаңартылды: 12:44 07.07.2023) АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Алматы облысында саз аралас сел тасқыны 300 метр жолды шайып кетті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Тау жақта толассыз жауған жаңбыр мен бұршақтың салдарынан сел жүрді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, сел тасқыны Саты Сай шатқалынан түсті. Соның салдарынан Кеген ауданындағы Саты ауылына жақын жолдар бұзылды.
"Сел салдарынан 300 метрге жуық жол жабындысы опырылып қалды. Оқиға орнында ескерту белгілері қойылды, жергілікті халыққа SMS-хабарлама таратылды. Зардап шеккендер жоқ", - дейді құтқарушылар.
Саз аралас су ағыны Ұлтарақ орталық көшесінің бойымен өтті. Ал арық жүйесі су ағынын өткізіп үлгере алмады, соның салдарынан көшелерді су басты.
"Қайтыс болғандар, зардап шеккендер мен қирандылар жоқ. Тұрғын үйлерді су баспады. Жолды қалпына келтіру жұмыстары комиссияның тексерісінен кейін басталады", - делінген ресми хабарламада.
Кеше сағат 20.00-де жауын-шашын тоқтап, су деңгейі төмендеді. Оқиға орнына Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті, "Қазселденқорғау" ММ күштері мен құралдары барды.