https://sputnik.kz/20230706/taldyqorganda-mayitkhanaga-5-million-tengeden-astam-ayyppul-salyndy-36602533.html
Талдықорғанда мәйітханаға 5 миллион теңгеден астам айыппұл салынды
Талдықорғанда мәйітханаға 5 миллион теңгеден астам айыппұл салынды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Талдықорғандағы мәйітханаға 5 жарым миллион теңге айыппұл салынды. Мамандар өлгендердің денесі жататын нысанда санитарлық талаптың... 06.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-06T19:21+0500
2023-07-06T19:21+0500
2023-07-06T19:21+0500
мәйітхана
талдықорған
https://sputnik.kz/img/176/99/1769973_0:219:4256:2613_1920x0_80_0_0_2f6c3efb42e552d8ab3f527fa51147ee.jpg
АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Талдықорғандағы мәйітханаға 5 жарым миллион теңге айыппұл салынды. Мамандар өлгендердің денесі жататын нысанда санитарлық талаптың сақталмағанын анықтаған, деп хабарлайды КТК арнасы.Қабырғалары жартылай жалаңаш мәйітхананың сырты да, іші де оңып тұрған жоқ. Мүрде салынған төсектер мәйіттердің қанына боялған. Тазалықтың сақталмағаны тайға таңба басқандай айқын көрініп тұр. Айнала кір, темірлер тот басқан. Дезинфекциялық жұмыстар да жүргзілмеген екен.Ғимараттың өзінен бөлек, құрал-жабдықтары да ескі екені көрініп тұр. Аталмыш заң бұзушылықтарды санитар мамандар анықтаған. Мекеме 5 жарым миллион теңге айыппұлды осы айдың соңына дейін толық төлеуі керек."Сол бұзушылықтардың негізінде біздің қызметкерлер мәйтіхананың басшылығына 1600 АЕК ретінде айыппұл салып отыр", - деді Жетісу облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Әлия Шагиахмет.Бұл айыппұл Әкімшілік кодекстің 425-бабы 1- тармағына сәйкес жасалып отыр.
талдықорған
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/176/99/1769973_240:0:4016:2832_1920x0_80_0_0_f1c7d8195e9fd7d57d6aafbd8249a3c0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәйітхана, талдықорған
Талдықорғанда мәйітханаға 5 миллион теңгеден астам айыппұл салынды
АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Талдықорғандағы мәйітханаға 5 жарым миллион теңге айыппұл салынды. Мамандар өлгендердің денесі жататын нысанда санитарлық талаптың сақталмағанын анықтаған, деп хабарлайды
КТК арнасы.
Қабырғалары жартылай жалаңаш мәйітхананың сырты да, іші де оңып тұрған жоқ. Мүрде салынған төсектер мәйіттердің қанына боялған. Тазалықтың сақталмағаны тайға таңба басқандай айқын көрініп тұр. Айнала кір, темірлер тот басқан. Дезинфекциялық жұмыстар да жүргзілмеген екен.
Ғимараттың өзінен бөлек, құрал-жабдықтары да ескі екені көрініп тұр. Аталмыш заң бұзушылықтарды санитар мамандар анықтаған. Мекеме 5 жарым миллион теңге айыппұлды осы айдың соңына дейін толық төлеуі керек.
"Сол бұзушылықтардың негізінде біздің қызметкерлер мәйтіхананың басшылығына 1600 АЕК ретінде айыппұл салып отыр", - деді Жетісу облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Әлия Шагиахмет.
Бұл айыппұл Әкімшілік кодекстің 425-бабы 1- тармағына сәйкес жасалып отыр.