https://sputnik.kz/20230706/resey-askeri-tort-uchaskede-shabuyl-zhasap-zhatyr-36647569.html
Ресей әскері төрт учаскеде шабуыл жасап жатыр
Ресей әскері төрт учаскеде шабуыл жасап жатыр
Sputnik Қазақстан
Украина Қарулы күштерінің қарсы шабуылы екі айдан бері тығырыққа тіреліп, Батыс НАТО стандартына сәйкес әскери техниканың және украин армиясының... 06.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-06T11:22+0500
2023-07-06T11:22+0500
2023-07-10T11:22+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
ресей
https://sputnik.kz/img/07e7/06/05/35653288_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_cb35e2585d96f8706497d15211a062a1.jpg
Айтуынша, қақтығысаймағындағы Ресей Федерациясының Қарулы күштері 1000 шақырымдық майданның төрт учаскесінде шабуыл жасап, атыс, тактикалық және стратегиялық басымдылықты сақтап отыр.Ресей әскері Авдеевка, Маринька, Лиман және Сватово аудандарында алға жылжып жатыр. Украина Қарулы күштерінің бөлімшелері Ореховск ауданындағы позицияларын тастапқашқан.3 шілдеде Запорожье бағытында ресейлік әскердің қарсы шабуылы кезінде Украина Қарулы күштерінің жүзге жуық броньдалған техникасы жойылып, бірқатар аумақ азат етілді және "Земледелие" жүйелерімен аумақты қашықтан миналау жүргізілді.Оның мәліметінше, майданның барлық шебінде украин әскері үлкен шығынға ұшырап жатыр. 4 маусымнан бастап 15 мыңға дейін әскери қызметкер, 2 500 қару-жарақ, оның ішінде, 15 ұшақ, 3 тікұшақ, 920 броньдалған техника, атап айтқанда, жеткізілген 54 Leopard танкінің 16-сы қиратылды.Әскери сарапшының пікірінше, Украина Қарулы күштерінің түрлі учаскеде күшейтілген батальон және шағын тактикалық топтармен жүргізген қарсы шабуылы қорғаныс позициясына айналып жатыр. Бұл ретте Киев НАТО қару-жарағы жеткіліксіз екенін алға тартса, Батыс украин жауынгерлерінің дайындығы төмен екенін негізге алуда.Украина әскерінің белсенді насихатталған қарсы шабуылы НАТО танктері мен броньдалған жаяу әскер машинасының арқасында маңызды аумақтарды қайтаруғатиіс болатын. Бірақ алғашқы 30 тәуліктегі украин шабуылы Батыстың ойындағыдай болмады. Дегенмен олар Ресейді әлсіретуді көздеп, Украинадан шабуылды жалғастыруды талап етіп жатыр.Ресейлік арнайы әскери операция кезінде Украина Қарулы Күштеріне тиесілі 690 ұшақ пен тікұшақ, 10 530-дан астам танк пен броньдалған машина, 5 340 артиллериялық қару, 1 130 жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйе, 426 зениттік зымыран кешені жойылды.Қиратылған бұл техниканың басым бөлігін батыстағы одақтастар жеткізген. Алайда қазір НАТО мен АҚШ одақтастарының арсеналдары босап қалды. Тіпті америкалық әскери-өнеркәсіптік кешен қару-жарақ өндіру бойынша қажетті жүктемені орындай алмай жатыр. Сондықтан Украинаға оқ-дәрі жеткізу тоқтаса, арнайы әскери операция бірнеше күнде қандай нәтижемен аяқталатынын барлығы жақсы түсініп отыр.Еуроодақ пен НАТО соңғы күшін жұмсап, қару-жарақ жеткізуді жалғастырып жатыр. 2023 жылы Германия Украинаға әскери қолдау көрсету үшін 5,4 миллиард еуро бөлді және жақын арада Украина Қарулы күштеріне ескі Leopard 1A5 танктерінің жаңа партиясын жөнелтуге уәде берді. Дегенмен Бундесвердегі 300 танкінің 130-ы ғана соғысқа жарамды.Әскери сарапшының пікірінше, Ресейдің әскери техника бойынша басымдылығы тек артып жатыр. Арнайы әскери операция аймағында жаңа ұшақтар, танктер, артиллериялық жүйелер, зениттік зымыран кешендері, зымырандар және снарядтар, радиоэлектронды күрес жүйелері пайда болып жатыр. Ресейлік динамикалық қорғаныс та беркітігін көрсетті. Себебі танктер бірнеше снаряд пен зымыранға төтеп беріп жатыр.Француз армиясының бұрынғы қолбасшысы Жан Бернар Пинатель украиналық қарсы шабуыл сәтсіздікке ұшырайтыны бастапқыда белгілі болғанын ашық айтты: "Біз ядролық держава мен айтарлықтай техникалық және адами әлеуеті жоқ ел арасындағы текетірестің куәсі болып отырмыз. Украинаның ең осал жері – оның адам күші, дәлірек айтсақ, сол адам күшінің жоқтығы болып отыр. Себебі соғысуға жарамды ең қабілетті жауынгерлер әлдеқашан мерт болған".Генерал Ресейдің әуедегі үстемдігін және жердегі атыс күші бойынша бірнеше есе артықшылығын атап өтті. Бұл Украина Қарулы күштерінің қорғаныс пен шабуыл кезіндегі үлкен шығындарымен айқындалып тұр.Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/05/35653288_239:0:2970:2048_1920x0_80_0_0_0e9f044800f53ca2cafda83c0b069ddf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей
Ресей әскері төрт учаскеде шабуыл жасап жатыр
11:22 06.07.2023 (жаңартылды: 11:22 10.07.2023) Украина Қарулы күштерінің қарсы шабуылы екі айдан бері тығырыққа тіреліп, Батыс НАТО стандартына сәйкес әскери техниканың және украин армиясының күйрепжатқанына куә болып отыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Айтуынша, қақтығысаймағындағы Ресей Федерациясының Қарулы күштері 1000 шақырымдық майданның төрт учаскесінде шабуыл жасап, атыс, тактикалық және стратегиялық басымдылықты сақтап отыр.
Ресей әскері Авдеевка, Маринька, Лиман және Сватово аудандарында алға жылжып жатыр. Украина Қарулы күштерінің бөлімшелері Ореховск ауданындағы позицияларын тастапқашқан.
3 шілдеде Запорожье бағытында ресейлік әскердің қарсы шабуылы кезінде Украина Қарулы күштерінің жүзге жуық броньдалған техникасы жойылып, бірқатар аумақ азат етілді және "Земледелие" жүйелерімен аумақты қашықтан миналау жүргізілді.
"Украина Қарулы күштері Құрлық әскерінің қолбасшысы Александр Сырский Бахмут/Артемовск маңындағы қиын жағдай және Ресейдің Часов Ярға кіру қаупі туралы айтты. 5 шілдеге қараған түні Днепропетровск, Сумы және Харьков облыстарындағы Украина Қарулы күштерінің арсеналдары мен орналастыру пункттеріне дәлдігі жоғары техникамен соққы берілді", - деп жазды Хроленко.
Оның мәліметінше, майданның барлық шебінде украин әскері үлкен шығынға ұшырап жатыр. 4 маусымнан бастап 15 мыңға дейін әскери қызметкер, 2 500 қару-жарақ, оның ішінде, 15 ұшақ, 3 тікұшақ, 920 броньдалған техника, атап айтқанда, жеткізілген 54 Leopard танкінің 16-сы қиратылды.
Әскери сарапшының пікірінше, Украина Қарулы күштерінің түрлі учаскеде күшейтілген батальон және шағын тактикалық топтармен жүргізген қарсы шабуылы қорғаныс позициясына айналып жатыр. Бұл ретте Киев НАТО қару-жарағы жеткіліксіз екенін алға тартса, Батыс украин жауынгерлерінің дайындығы төмен екенін негізге алуда.
Украина әскерінің белсенді насихатталған қарсы шабуылы НАТО танктері мен броньдалған жаяу әскер машинасының арқасында маңызды аумақтарды қайтаруғатиіс болатын. Бірақ алғашқы 30 тәуліктегі украин шабуылы Батыстың ойындағыдай болмады. Дегенмен олар Ресейді әлсіретуді көздеп, Украинадан шабуылды жалғастыруды талап етіп жатыр.
Ресейлік арнайы әскери операция кезінде Украина Қарулы Күштеріне тиесілі 690 ұшақ пен тікұшақ, 10 530-дан астам танк пен броньдалған машина, 5 340 артиллериялық қару, 1 130 жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйе, 426 зениттік зымыран кешені жойылды.
Қиратылған бұл техниканың басым бөлігін батыстағы одақтастар жеткізген. Алайда қазір НАТО мен АҚШ одақтастарының арсеналдары босап қалды. Тіпті америкалық әскери-өнеркәсіптік кешен қару-жарақ өндіру бойынша қажетті жүктемені орындай алмай жатыр. Сондықтан Украинаға оқ-дәрі жеткізу тоқтаса, арнайы әскери операция бірнеше күнде қандай нәтижемен аяқталатынын барлығы жақсы түсініп отыр.
Еуроодақ пен НАТО соңғы күшін жұмсап, қару-жарақ жеткізуді жалғастырып жатыр. 2023 жылы Германия Украинаға әскери қолдау көрсету үшін 5,4 миллиард еуро бөлді және жақын арада Украина Қарулы күштеріне ескі Leopard 1A5 танктерінің жаңа партиясын жөнелтуге уәде берді. Дегенмен Бундесвердегі 300 танкінің 130-ы ғана соғысқа жарамды.
Әскери сарапшының пікірінше, Ресейдің әскери техника бойынша басымдылығы тек артып жатыр. Арнайы әскери операция аймағында жаңа ұшақтар, танктер, артиллериялық жүйелер, зениттік зымыран кешендері, зымырандар және снарядтар, радиоэлектронды күрес жүйелері пайда болып жатыр. Ресейлік динамикалық қорғаныс та беркітігін көрсетті. Себебі танктер бірнеше снаряд пен зымыранға төтеп беріп жатыр.
Француз армиясының бұрынғы қолбасшысы Жан Бернар Пинатель украиналық қарсы шабуыл сәтсіздікке ұшырайтыны бастапқыда белгілі болғанын ашық айтты: "Біз ядролық держава мен айтарлықтай техникалық және адами әлеуеті жоқ ел арасындағы текетірестің куәсі болып отырмыз. Украинаның ең осал жері – оның адам күші, дәлірек айтсақ, сол адам күшінің жоқтығы болып отыр. Себебі соғысуға жарамды ең қабілетті жауынгерлер әлдеқашан мерт болған".
Генерал Ресейдің әуедегі үстемдігін және жердегі атыс күші бойынша бірнеше есе артықшылығын атап өтті. Бұл Украина Қарулы күштерінің қорғаныс пен шабуыл кезіндегі үлкен шығындарымен айқындалып тұр.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы