https://sputnik.kz/20230706/qyrgyzstanda-prezidenttin-zhieni-ustaldy-36604972.html
Қырғызстанда президенттің жиені ұсталды
Қырғызстанда президенттің жиені ұсталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Бішкекте елдің қазіргі президенті Садыр Жапаровтың жиені Ұлан Жапаров ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан. 06.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-06T20:00+0500
2023-07-06T20:00+0500
2023-07-06T20:00+0500
қырғызстан
президент
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23932517_0:262:2730:1798_1920x0_80_0_0_d3ae2efa1f0d4b7d5b62c4e68e271691.jpg
АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Бішкекте елдің қазіргі президенті Садыр Жапаровтың жиені Ұлан Жапаров ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан. Бішкектің Бірінші Май аудандық сотының мәліметінше, ер адам 26 шілдеге дейін 1 тергеу изоляторына қамалды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Ұлан Жапаров сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталған. Президенттің баспасөз хатшысы Ербол Сұлтанбаев бұл шынымен де мемлекет басшысының туысы екенін растады. Президент әкімшілігіндегілер ұсталған азамат президенттің туысқан ағасы Рақымжан Жапаровтың ұлы екенін нақтылады. Ішкі істер министрлігі оны кедендегі сыбайлас жемқорлық схемаларына қатысты деген күдікпен ұстады. "Бұл туралы хабардар болғаннан кейін президент күдіктілерге заңды шара қолдануды талап етті. Бұл жағдай сыбайлас жемқорлықпен күресте іріктеу жоқтығын тағы бір мәрте көрсетті. Туыстық және басқа да байланыстарына қарамастан кез-келген азамат қылмыс немесе құқықбұзушылық жасаған жағдайда заң шеңберінде жауапкершілікке тартылады. Егер іс сыбайлас жемқорлыққа қатысты болса, онда келтірілген зиянды өтеу міндетті", - деді Сұлтанбаев.
қырғызстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23932517_0:0:2730:2048_1920x0_80_0_0_310b4f746d28d1d5eba3d3b333d67a91.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қырғызстан, президент
АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Бішкекте елдің қазіргі президенті Садыр Жапаровтың жиені Ұлан Жапаров ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Бішкектің Бірінші Май аудандық сотының мәліметінше, ер адам 26 шілдеге дейін 1 тергеу изоляторына қамалды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Ұлан Жапаров сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталған. Президенттің баспасөз хатшысы Ербол Сұлтанбаев бұл шынымен де мемлекет басшысының туысы екенін растады.
Президент әкімшілігіндегілер ұсталған азамат президенттің туысқан ағасы Рақымжан Жапаровтың ұлы екенін нақтылады. Ішкі істер министрлігі оны кедендегі сыбайлас жемқорлық схемаларына қатысты деген күдікпен ұстады.
"Бұл туралы хабардар болғаннан кейін президент күдіктілерге заңды шара қолдануды талап етті. Бұл жағдай сыбайлас жемқорлықпен күресте іріктеу жоқтығын тағы бір мәрте көрсетті. Туыстық және басқа да байланыстарына қарамастан кез-келген азамат қылмыс немесе құқықбұзушылық жасаған жағдайда заң шеңберінде жауапкершілікке тартылады. Егер іс сыбайлас жемқорлыққа қатысты болса, онда келтірілген зиянды өтеу міндетті", - деді Сұлтанбаев.